Исламбек Мусабеков

29 Oct 2014  |  Опубликовано в Вопросы-ответы

Вопрос ректору

От: Исламбек Мусабеков <[email protected]>

Тема вопроса: Учебный процесс

Вопрос:
Сәлеметсізбе! Аканов Айкан Аканович мен Астанада жалпы медицина факультетінің 1 курста окыймын сыздерге қысқы симестрден соң ауыстыруға болама, грант сақтала ма, сыздерден 1 қыз ауысам деген орнымызды ауыстырсак грант сақтала ма.

Ответ:

Құрметті Исламбек!

Сіз Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне ауысатын болсаңыз мемлекеттік білім грантынан айырыласыз. Өйткені, білім алушы басқа ЖОО ұлттық университетке ауысқан кезде тек ақылы бөлімге қабылданады. Ұлттық университетке ауысу үшін білім алушының үлгерімі жақсы және үздік болу керек, ҰБТ немесе КТ сертификатының балы 60-тан жоғары болу керек. Біздің университетке тек жазғы демалыс күндерінде ғана ауысуға болады. Өйткені, 1 курстан бастап оқу бағдарламасы циклдық жүйе бойынша жүргізіледі. Сәйкес курсқа қабылдану үшін оқу бағдарламасындағы айырмашылық негізгі компоненттің

5 пәнінен аспау керек.


_ _ _

Loading