Білім жәрмеңкесі




12.09.2014

Америка Құрама Штаттарының Алматыдағы Бас Консулдығы 2014 жылдың 13 қыркүйегі күні сағат 13:00 – 16:30 аралығында InterContinental Almaty қонақ үйінде білім жәрмеңкесін өткізеді.

АҚШ Бас Конссулдығы аталған іс-шараға АҚШ-тың аккредитациядан өткен 14 университеттерін шақырған. Жәрмеңке бағдарламасында жетекші американдық университтердің презентациясы, қаржылық қолдау көрсету, құжаттарды тапсыру үрдісі, студенттердің виза алу мәселесі бойынша презентациялар және тегін кеңестер жоспарланған.

АҚШ Бас Конссулдығы тарапынан жауапты тұлғалар: Әйгерім Бегалиева, 8 (727) 250-48-14, [email protected] және Зәуреш Аманжолова, 8 (727) 250-48-73, [email protected].