Базалық пәндер оқу департамент тұралы




25.12.2017

Миссия

С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті – бұл шетел және отандық ғалымдарды кеңінен тартумен қоса ғылыми әлеуетті үнемі өсіре отырып, медициналық және фармациялық білім беру біліктілік-бағыттау моделін жүзеге асыру арқылы, фармация және денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілетті мамандарды көпсалалы дайындау бойынша орта Азияда көшбасшы, инновациялы-бағытталған және әлеуметтік – жауапты университет.


Қызметтің негзігі бағыттары:

Білім – беру: базалық пәндер оқу кафедрасында кредиттік оқыту жүйесін (КӘЖ)  және оның теориялық, әдістемелік және ұйымдастырушылығын жүзеге асыру; білім беру бағдарламаларын іске асыру шеңберінде кафедра жұмысын үйлестіру. IFOM, USMLE-1 тестілерінен 3 курс студенттерінің өтуі үшін базалық пәндердің құзыреттіліктері бойынша ерекшеліктерді әзірлеу.

Кәсіби: профессорлық – оқытушылар құрамының кәсіби, ғылыми-педагогикалық және жеке құзыреттерін дамыту.


Міндеттері:

  • студенттердің негізгі құзыреттерін, соның ішінде пәнаралық негізде меңгеруге бағытталған білім беру бағдарламаларын жүйелі түрде жетілдіру;
  • әр курс пен мамандық және пәндер бойынша білім беру бағдарламаларының үлгілерін әзірлеуге қатысу,  олардың жүйелі бағалауы, пайда болған проблемаларды анықтау және қарау, алдын-алу және түзету шараларын одан әрі дамыту;
  • кафедраның жеке тәжірибесі мен заманауи әлемдік ғылыми технологиялар негізінде зерттеу арқылы бағдарламаны жүзеге асыру;
  • профессорлық –педагогикалық құрамның педагогикалық және кәсіптік деңгейлерінің деңгейін жүйелі түрде арттыру, олардың рейтингісін анықтау үшін профессорлық –педагогикалық құрамның  тиімділігін талдау;
  • пәндерді оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді қалыптастыру;
  • профессорлық –педагогикалық құрамның академиялық ұтқырлығын қамтамасыз етуге қатысу
  • Кафедрада оқу үдерісіне инновацияларды енгізуге мониторинг жүргізу
  • сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру;
  • білім беру модульдерін әзірлеу және ұйымдастыру;  1- 3 курстарда бакалавриат «Морфология және қалыпты физиология», «Жалпы патология» и «Жеке патология», «Жалпы медицина» мамандығы бойынша;- IFOM негізінде 1-3 курс студенттерінің білімін тәуелсіз бағалауға дайындау;- Оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді ұсыну туралы өтініштерді қалыптастыруға қатысу;
  • оқу үрдісінде инновациялық білім беру технологиялары үдерісіне қол жеткізу және өз үлесін қосуды ұйымдастыру;
  • кафедралардың оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз жасалғанына  анализ жасау;
  • кафедрадағы оқу-әдістемелік құжаттардың жай-күйін бағалау;
  • сабақтардың материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз жасалғанын талдау;
  • 3 тілдік оқыту бағдарламаларын әзірлеу және енгізу;
  • тестілік тапсырмалардың базасын  әзірлеуді және толтыруды бақылау;
  • емтиханның екінші сатысының нысандарын және бағалау критерийлерін жетілдіру;
  • студенттердің білімін және дағдыларын тәуелсіз бағалауды жетілдіру;- ҚазҰМУ және басқа да ұйымдар негізінде профессорлық – оқытушылар құрамын кәсіби даярлау және қайта даярлауға көмек көрсету;
  • профессорлық – оқытушылар құрамының  академиялық ұтқырлығын дамыту (өз елімізде және шетелде);
  • Н.С. Насибулина атындағы Педагогикалық шеберлік мектебінде  ҚазҰМУ ПОҚ біліктілігін арттыруды жүйелі түрде ұйымдастыру;

«Базалық пәндер» оқу Департаментінің құрамына С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Ректорының 2017 жылдың 12 қыркүйегіндегі № 496 «Университет кафедраларын деканаттар мен оқу департаменттеріне бекіту туралы» бұйрығына сәйкес төменде көрсетілген 12 (он екі) кафедра кіреді:

  • Биохимия және химия
  • Қалыпты физиология валеология курсымен
  • Гистология
  • Микробиология, вирусология және иммунология
  • Молекулалық биология және медициналық генетика
  • Қалыпты анатомия
  • Жалпы иммунология
  • Патологиялық анатомия сот медицинасы курсымен
  • Патологиялық физиология
  • Ішкі аурулар пропедевтикасы
  • Фармакология
  • Информатика биофизика курсымен