Бауыржан Момышұлын еске алу кеші




22.04.2019

Кештің мақсаты:

Жастарға өз Отанын сүюге, оның намысы мен абыройын қорғауға даяр болуға, елінің болашағы үшін тер төккен тұлғаларды ұмытпауға тәрбиелеу.

2019 жылдың 18 сәуірі күні сағат 12.00де аты аңызға айналған Кеңес Одағының батыры, халық Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлын еске арналуға арналған кешке  шақырылған  жазушы, қоғам қайраткері , Баыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен кездесуге ұстаздар,студенттер және бірнеше кафедралар мен деканаттардан өкілдер қатысты.  Бауыржан атамызды  еске түсіріп,  бір минут үнсіздікпен тағзым етілді. Одан кейін Бауыржан атамыздың өз дауысы бар видео көрсетілді.

 Жастар саясаты бөлімінің бастығы Нұржан Асқарұлы өзінің Бауыржан Момышұлы мектебінде оқығанын және атамызды ылғи еске түсіру кештерін өткізгендіктерін айтты.

Биохимия кафедрасының меңгерушісі, профессор Шарипов К.О. Бауыржан Момышұлының өміріне қысқаша тоқтала кетіп,  Бауыржан атамыздың соғыста ғана ерлік көрсетіп қоймай, туған халқының ұлттық құндылықтарын,салт – дәстүрі мен тілін сонау қиын-қыстау кездерде жанұшыра, қызғыштай қорыған  арыстарымыздың бірі екендігін айтты.

Барша қазақтың жастарына – «болашақ ұрпағыма аманат» деп тастап кеткен  бабамыздың аманатын  жалғастырушы Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп апай ары қарай сөз жалғатырып, атамен бірге тұрған үақыттағы алған ұлттық құндылықтарды терең түсініп оны жалғастыра үш кітап шығарғандығын айтты, олардан үзінділер келтірді.

Студенттер Зейнеп апайға біраз сұрақтар қойды, ол кісінің жазған кітаптарынан Бауыржан атамыздың адалдықты, шыншылдықты, патриотизмді, қазақ елінің құндылықтарын сақтауды ту еткендігін түсінгендіктерін айтты(суретте ЖМ ның 13-02 тобының 2 курс студенті Сатыбалдиева Асель)

Бауыржан атамыз сияқты өмірі өнегелі істерге толы қасиетті тұлғаны жете біліп, оларды мәңгі есте сақтау – біздің қасиетті борышымыз- деп аяқтады кешті жүргізуші жалпы медицина мектебінің 2курс студенті Рамазан Нұржанов.

Кешті жүргізуді ұйымдастырушы биохимия кафедрасы және халықаралық медицина факультеті атынан биохимия кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты Есімжан А.Е. Зейнеп Ахметова апайға «қолыңызға қуат беріп, шығармашылығыңыз жалғаса берсін»,- деп рахмет айтып, жақсы сұрақтар қойған және пікірлерін айтқан студенттерге Зейнеп апайдың кітаптарын сыйлыққа тартты, студенттер апайдың қол табасын алды және бірге суретке түсті.