Қазақ тілі кафедрасының доценттері З.А.Абдуллина, Ж.Т.Исаева мен аға оқытушысы Ғ.Ж.Тұңғышбаеваның 2015-2016 оқу жылының ІІ жарты жылдығында жалпы медицина факультетінің 035-1, 2; 036-2  топ студенттерімен өткізген «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты әдеби- танымдық кеші




20.05.2016

 

2016 жылдың 17 мамыр күні І курс 035-1, 2; 036-2  топ студенттерімен «Татулық – достықтың киелі бесігі» атты әдеби – танымдық кеш өткіздік. Кеш қазақ, орыс, ағылшын тілінде өтті. Кеш  қонақтрына деканат қызметкерлері мен тәрбие департаменті қызметкерлері және орыс, ағылшын тілі, қазақ тілі кафедраларының оқытушылары, І курс студенттері шақырылды.

«Татулық – достықтың киелі бесігі» атты әдеби -танымдық кештің мақсаты: Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу идеясы туралы мағлұмат беру, яғни мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай – ақ жаңадан құрылған  тәуелсіз, полиэтносты, полконфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындағанын түсіндіру; Аталған бастама мәдениет аралық  диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этнос аралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылытынын аңдату; Студенттерді татулыққа, бірлікке, адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Кеш барысында Қазақстан халқы Ассамблеясына байланысты видео, слайдтар көрсетілді. Әртүрлі өзге ұлт өкілдерінен құрылған студенттер өз тілдерінде құттықтау сөздер айтып, достық, татулық тақырыбында өлеңдерді жатқа оқып, қақақ, орыс, ағылшын, неміс, түрік, ұйғыр,  татар, т.б. тілдерде  ән айтылып, билер орындалды.  Ұлт және оның ерекшеліктері туралы шағын интеллектуалды ойын ойнатылды. Қазақстан халқы Ассамблеясына байланысты буклеттер, нақыл сөз            дер жазылған плакаттар мен қабырға газеттері ілінді.  Әр түрлі ұлттық тағамдардан дастархан жайылды.  Кеш жоғары деңгейде өтті.

DSC01155DSC01154DSC01278DSC01276DSC01269DSC01255DSC01237DSC01230DSC01227DSC01222DSC01198DSC01170DSC01157