ҚазҰМУ делегациясы Н.И. Лобачевский атындағы Нижнийновгород мемлекеттік университетінде өткен Бірінші QS халықаралық конференциясына қатысты




02.10.2015

ҚазҰМУ делегациясы Н.И. Лобачевский атындағы Нижнийновгород мемлекеттік университетінде өткен Бірінші QS халықаралық конференциясына қатысты

ІІ – күн

«QS WORLD WIDE Нижнийновгородта. 30 қыркүйек. Ресей және Азия аймақтарының университеттерінің қатысуымен конференцияның 2-ші күні. 3 қатар сессия ұйымдастырылды. Бірінші сессия Воронеж мемлекеттік университетінің, Казань федералды университетінің, Оңтүстік-Орал мемлекеттік университетінің тәжірибелері көрсетілген студенттердің интернационализациясына арналды. QS 5-100-2020бағдарламасының нәтижелері көрсетілді.  Ресей университеттерінің ТОП 100 QS – 5 Стратегиясы  2020 жылы. Тағы бір сессия білім беру бағдарламаларының интернационализациясына арналды. University of Malaya, Coventry University UK, University of Santo Tomas (Филиппин) өкілдері PhDоқытудың қос бағдарламаларын жүзеге асырудың қорытындысын және өздерінің ең үздік тәжірибелерін көрсетті. Үшінші сессия University of Hong Kong,  Banasthali University (Индия), С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің тәжірибелерімен интернационализацияны дамыту стратегияларының аясында өтті. Иордания, Оңтүстік Корея,  Гонконг,  Ливан,  Индия, Малайзия,  Түркия, Жапония,  Тайвань, Оңтүстік Африка,  Бразилия, Аргентина, Сауд Аравиясы және Ресей елдерінен барлығы 23 университет сөз сөйледі. Кешкі сессияда «Ресейде және Орталық Азияда әлемдік деңгейдегі университеттерді тұрғызу» сұрағы, сонымен қатар «Әлемдегі жоғары білім беру нарығын дамытудың кілттік сәттері, саясаты және трендтері» атты сұрақтар талқыланды. Бұл іс-шара қатысушылардың қызығушылықтарын ашты, шетел және Ресей университеттерінің нақты ынтымақтасу мүмкіндіктері мен келешек бойынша пікірталасы болды, Elite Universities, бірлескен бағдарламалар, зерттеулер, студенттермен және оқытушылармен алмасу және т.б. қарастырылды. Конференцияның жабылу салтанаты барысында  Манди Мок (CEO QSASIA, Singapore) ханым конференцияның барлық мақсаттарының орындалғандығын және Н.И. Лобачевский атындағы Нижнийновгород мемлекеттік университетінің тікелей қатысуымен Ресейдегі осындай іс-шараның бірінші өтуі екенін атап өтті. Ресей жоғары білім беруі үшін бұл әлемдегі үздік білім беру мекемелерімен ынтымақтас болуына үлкен мүмкіндік әкелді. Эстафетаны Ресей және Орталық Азияның басқа да университеттері қабылдау керек.

Ақпарат

Университетті дамыту институтының

БСЗБА орталығымен дайындалды