АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІ




28.11.2019

Басты құндылықтардың бірі ретінде академиялық адалдық мемлекеттің  дамуы үшін бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі университет миссиясын табысты іске асыру үшін өте маңызды, соған сәйкес осы оқу жылында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, жүргізілуде. Сондай маңызды іс-шаралардың бірі академиялық топ тәлімгерлеріне арнап  Этикалық және тәлімгерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген «Кафедра, академиялық адалдықтың  мәдениетін бағыттауышы» тақырыбында бірлескен семинары. Оған академиялық топ тәлімгерлері мен мектептердің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасарлары, студенттік үкімет мүшелері қатысты.

Семинарды корпоративтік даму жөніндегі проректор У.Датхаев ашып,  семинарда көтеріліп отырған тақырып бойынша университетте жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Этикалық кеңес төрайымы Ж.Мустафина университет қызметкерлері  мен білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиялық адалдықтың мәдениетін қалыптастыруда  кедергі келтіретін мәселелерге және білім алушылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша талдау жасап, өз ойымен бөлісті.

Университет білім алушыларының академиялық адалдықты сақтауында Этикалық кеңестің іс-шаралар жоспары негізінде жұмыстарды жүргізуде тәлімгерлерді белсенділік танытуға шақырды.

Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің өкілі Е.◦Оразаев сауалнама сұрақтары тек білім алушылардың ойын көрсетіп бір жақты қойылғандықтан,  оқытушылардың ойы ескерілмегендігін баса айтты.

Семинарға қатысушы А.Бекжанов, Б.Амантаев, А.Караубаева,                   Г.Мухамедиева, Н.Омаркулова, Г.Мәлік: білім алушылар, оқытушылар мен қызметкерлер академиялық адалдықтың бұзылуына мүмкіндік бермей, адам бойындағы адалдық, әділдік сияқты адами қасиеттердің өмірдегі маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Жалпы медицина мектебінің студенті Б.Калбаевтың ойынша білім алушылардың көбісі Сириус  бағдарламасы бойынша сауалнама алудың маңыздылығын  түсінбегендіктен, оны толтыруда қателіктерге ұрынады.

Жастар саясаты басқармасының қызметкері Р.Жармағанбет білім беру саласында академиялық адалдықты сақтай отырып, мәдениеттілікті қалыптастыру арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде тәлімгерлердің рөлі мен мүмкіндіктері зор екеніне тоқталып, жиынды қорытындылады.