АЙ САЙЫН ШЫҒАТЫН УНИВЕРСИТЕТТІК «ШИПАГЕР» ГАЗЕТІ




20.05.2011

Университеттік «Шипагер» газеті 1934 жылдың мамыр айынан бастап шығады.

Өзекті тақырыптарға арналған сұхбаттар, ресми хабарламалар, медицина білім аясындағы жаңалықтар, мақалалар, құттықтаулар және ҚазҰМУ-да ұйымдастырылатын басқа атаулы шаралар туралы материалдар жарияланатын бұл газеттің басты міндеті – университеттің білім беру жүйесін, ғылымы мен денсаулық сақтау ісіндегі қызметін және өткізіліп жатқан іс-шараларды насихаттау, студенттер мен университет басшылығы, оқытушылар арасындағы ашық диалогтың орнауына ықпал ету.

«Шипагер» газетінің әрбір санында соңғы жаңалықтар, оқиға орнынан берілетін репортаждар мен сұхбаттар жарияланады.

Газетте жарияланатын материалдар негізінен ҚазҰМУ-дың бүгінгі тыныс-тіршілігі мен оның болашағына қызығушылық білдіретін көпшілік қауымға арналады.

Басылым айына бір рет, 1 000 данамен шығады.

Беттер саны – 2011 жылдың сәуірінен бастап 16 бет.

2010 жылдың мамыр айынан 2011 жылдың мамырына дейін «Шипагер» 10 саны жарыққа щықты. Онда жалпы саны 300-ден астам материал жарияланды.

Газетте жаңа айдарлар ашылды:

«Университет тынысы» – «Панорама событий» айдарында университет бойынша өткізілген іс-шаралар кеңінен қамтылып, олар туралы қысқаша ақпарат береді.

«Сұхбат» – «Диалог» айдары – бүгінгі таңдағы газеттің негізгі бет-бейнесі мен бағытын айқындайтын басты айдарлардың бірі.

«Ғылым көкжиегінде»«Через призму науки» университеттің профессорлары мен оқытушылар құрамының ғылыми ізденістері мен ғылыми жетістіктерінің көрсеткіші ретінде олардың ғылыми-танымдық, ғылыми-көпшілік және ғылыми-практикалық мақалалары жарияланады.

«Тағзым» – 2011 жылдың ақпанынан бергі газеттің тұрақты айдары. Бұл газеттің әдеби беті.

«Students block» – университет студенттерінің шығармашылығы мен олардың оқу, ғылыми, мәдени, қоғамдық салалардағы түрлі ізденістері мен жеткен жетістіктері туралы оқырман қауымды хабардар етеді.

«Ұстаздан ұлағат» – «Золотые страницы истории» газеттің ең салиқалы, салмақты айдарларының бірі. Ұстаздарын пір тұтатын авторлар өздерінің өмірлік жолдарында ұстаздық пайым-парасатымен, кәсіби біліктілігімен, өнегесімен есте қалған немесе бүгінде әріптестері мен студенттердің ыстық ықыласына бөленіп отырған ұстаздар туралы сыр шертіледі.

«Кеше, бүгін, ертең» – «Вчера, сегодня, завтра» айдарында негізінен ғылым, білім беру және медициналық практикаға қатысты құрылымдық бөлімдердің есептері, хабарландырулар мен алдағы жоспарлар туралы сөз қозғалады. Айдарда қысқаша ақпараттар ғана беріледі.

«Мерейтой мінберінде» – «Юбилейная эстафета» – мерейтой иелерін құттықтауға арналған бет. Бүгінгі күнде университет кафедралары мерейлі жасқа келген құрметті қызметкерлерін құттықтауды жақсы дәстүрге айналдырған.

«Smail, smail» – газеттің әзіл-сықақ-көңілашар беті.

 

Кері байланыс

Газет жұмысына қатысты кері байланыс жолға қойылды. Яғни, газетте жарияланған материалдарға немесе жалпы газеттің сапасына қатысты пікір білдірем деушілерге газеттің соңғы бетінде арнайы орын бар.