Ақсақалдар кеңесінің жұмысын ұйымдастыру.

  1. Ақсақалдар Кеңесі білім беру, ғылыми және қоғамдық қызметте қомақты тәжірибесі бар, Университеттің дамуына елеулі үлес қосқан Университеттің беделді және тәжірибелі ғалымдар тарапынан құрылады.
  2. Университеттің Ақсақалдар Кеңесі туралы ереже Университет Ғылыми Кеңесі  шешімінің негізінде Университет  ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  3. Ақсақалдар Кеңесінің құрамы туралы ұсыныстарды Университеттің Ғылыми Кеңесі қарастырады және Ақсақалдар Кеңесінің мәжілісінде келісіледі, Ақсақалдар Кеңесінің құрамы өзгергендігі туралы Ғылыми Кеңес шешімі қабылданғаннан кейін ректордың бұйрығымен бекітіледі.
  4. Ақсақалдар Кеңесінің құрамы Университет қызметінің жекелеген бағыттары бойынша жұмыс топтарын құруы мүмкін.
  5. Ақсақалдар Кеңесінің қарауына ұсынылған барлық сұрақтар, алқалы жиында қарастырылады, Ақсақалдар Кеңесінің ұсыныстары мен қорытындысы басым дауыс жиналуы арқылы қабылданады.
  6. Ақсақалдар Кеңесінің қызметін тікелей басқаруды Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы жүзеге асырады.
  7. Төрағаны Ақсақалдар Кеңесінің мүшелері ашық дауыс беру арқылы сайлайды.
  8. Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы:

–         Ақсақалдар Кеңесінің мәжілісін шақырады және өткізеді;

–         Ақсақалдар Кеңесі қызметінің жұмыс жоспарын бекітеді;

–         Ақсақалдар Кеңесінің құрамына кіргізу және одан шығару туралы ұсыныстарды Ақсақалдар Кеңесі қызметіне қатысу тәртібіне және мерзіміне сәйкес қарастырады.

–         Ғылыми Кеңес мүшелеріне және Университет басшылығына қабылданған ұсыныстар меншешімдер туралы ақпарат береді;

–         Ақсақалдар Кеңесі жұмыс топтарының қызметін үйлестіреді.

9. Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы мәжілісте болмаған жағдайда, мәжілісті төраға орынбасары өткізеді, төраға орынбасары Ақсақалдар Кеңесі  мүшелері тарапынан ашық дауыс беру арқылы сайланады.

10. Ақсақалдар Кеңесінің хатшысы:

–         Ақсақлдар Кеңесі мәжілісінің өткізілуіне қажетті ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүзеге асырады, Кеңес мүшелеріне мәжілістің өткізілетін орны, уақыты, күні туралы мәлімет береді, оларды мәжіліске қатысты құжаттармен қамтамасыз етеді;

–         Ақсақалдар Кеңесі мәжілісінің шешімін және хаттамасын рәсімдейді;

–         Ақсақалдар Кеңесі шешімінің орындалғаны туралы ақпарат әзірлейді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған