Ақсақалдар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі мүшелерінің құқықтары және міндеттері.

  1. Ақсақалдар Кеңесінің мүшелері:

–         Ақсақалдар Кеңесінің қызметіне белсенді атсалысуға;

–         Ректордың және Ақсақалдар Кеңесінің тапсырмаларын орындауға, Ақсақалдар Кеңесінің мәжіліснде берілген тапсырмалардың орындалғаны туралы есеп беруге міндетті болып табылады.

2. Ақсақалдар Кеңесі мүшелерінің:

–         Ақсақалдар Кеңесі мәжілісінің қарауына  ұсыныстар беруге;

–         Ректордың тапсырмасы бойынша Университеттің өкімдік құжаттарының  жобаларын әзірлеуге қатысуға және соларға қатысты ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

–         Университетте өткізілетін мәжілістерге, конференцияларға, көрмелерге, салтанатты және мәдени іс-шараларға қатысуға:

–         Ақсақалдар Кеңесі қызметінің мәселелері бойынша мерзімді басылымдарға ақпарат беруге;

–         Ректордың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдарда және жергілікті басқару органдарында Университет атынан сөйлеп, оның мүддесін қорғауға;

–         Қажет болған жағдайда Университет ректорымен, оның орынбасарларымен және Университеттің  басқа да лауазымды тұлғаларымен еш кедергісіз кездесуге және телефонмен сөйлесуге;

–         Ақсақалдар Кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын мәселелер бойынша ресми құжаттармен және материалдармен танысуға құқы бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған