23.11.2012

Тұлғалық өсу клубы «РАДУГА»

Клубтың жетекшесі, ұйымдастырушысы

Пайда болу тарихы

Клубты ашу идеясы бұрыннан пайда болған. Тұлғалық өсу клубының үлкен болмасада аз емес тарихы бар. Негізгі мақсаттар мен міндеттер арқылы арықарайғы даму форматында өзінің тіршілігін 2000 ж. бастады. Сол кездері психиатрия, наркология, психотерапия кафедрасында ғылими-студенттік үйірмені проф. М.А. Асимов басқарған. Сол кезден бастап үйірме тек қана ғылыми-зерттеушілік бағытта ғана жүрген жоқ,  сонымен қатар психологиялық мектептер мен психотерапиялық бағыттарды зерттейтін практикалық бағытта да жұмыс жасады. Ұйымның негізгі принципі: «Оқыта отырып, өзің оқы!»

Жұмыстың негізгі принципі оқыту психологиясына негізделген, соның ішінде  «танымдар пирамидасы теориясы» яғни басқаларды оқытатын қатысушы ақпараттың 70-80 %-ын меңгереді. Екінші ерекшілік: 2000 ж. өзінде жоғары оқу орындарының оқытушылары оқытудың дәстүрлі формаларымен айналасып жүргенде, студенттер интерактивті  оқыту формаларын тренинг шеңберінде меңгеріп үлгерген. Жоғары оқу орнының түлектері яғни студенттік үйірмелердің мүшелері кейін тек қана кафедра және  коммуникативті дағдылар орталығында ғана емес сонымен қатар басқа да  кафедраларда белсенді оқытушылар мен тренерлар болып жүр.

2012 ж. ақпанында  атауы өзгертілген «Радуга» тұлғалық өсу клубының қазіргі таңдағы  «Басқаларды оқыта отырып, өзің оқы» деген принципі клубтың негізгі ұранына айналды.

Клубтың ұраны.

«Басқаларды оқыта отырып, өзің оқы!»

Мақсат:

  • Қатысушылардың тұлғалық өсуіне, креативті бейімделуіне, ішкі еркіндігін кеңейтуге, коммуникативті мәдениетін тәрбиелеуге көмектесу;

Міндеттер:

  • Өзінің тұлғалық қасиеттерін (өзін-өзі тану, өзіне-өзі түрткі беру, тұлғалық дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына бағдарламалау) жетілдіруге мүмкіндік беру;
  • Топты басқару қабілетін, топта жұмыс жасай білу дағдыларын қалыптастыру;
  • Үйренушілердің коммуникациясын дамытуға және коммуникативті мәдениетін қалыптастыруға көмектесу;
  • Қарым-қатынастың рангілік типінен комплементарлы (өзара толықтырушы) типіне көшуге көмектесу;
  • «Оқыта отырып оқимын» принципін қолдана отырып, психотерапиялық техникаларды қолдану саласындағы практикалық білімдерін қалыптастыру;
  • Өзіне деген сенімділік сезімін, рефлексия және өзін-өзі рефлексиялау қабілетін дамыту;
  • Жауапкершілікке негізделген іс-әрекетін жоспарлауға, өзінің ойын бақылауға, өзінің қалауларын түсіне білу қабілеттерін қалыптастыру;
  • Жаңа тәжірибеге ашық болу және ұмтылу,креативті өсуге (шығармашылық қабілеттер) көмектесу;
  • Өзін және шындықты сол қалпында қабылдауға көмектесу;
  • Әлеуметтік ортадан, басқалардың ойларынан тәуелсіз болуды, басқалардың сенімдеріне шыдамдылықпен қарауды қалыптастыру;

Клубтың статусы

1.1.         Біріккен іс-әрекет нәтижесінде пайда әкелетін сенімділік атмосферасы орнаған, еркін қарым-қатынас жасайтын, мақсаттары, міндеттері, қызығушылықтары бірдей адамдардың еркін түрде қосылған тобы.

1.2.         Клуб интеллектуалдық және мәдениет жағынан өсуге, жандүниесін дамытуға бағытталған адамдар үшін ашық;

1.3.         Клубтың іс-әрекеті құрылымның негізгі мақсаттары мен міндеттері арқылы жүзеге асады.

1.4.         «РАДУГА» Клубының іс-әрекеті-танымдық-тәрбиелеушілік, шығармашылық.

1.5.         Кездесулердің түрлері – тренингтер, топтық психотерапия, индивидуалды психологиялық кеңес жүргізу элементтері;

1.6.         Клуб өзінің іс-әрекетінде клубтың ережелерін басшылыққа алады.

1.7.         «РАДУГА» клубының жұмысын көрсететін құжаттар-жоспарлар, есептер, протоколдар, фотоматериалдар, клубқа қатысушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің жемістері.

2012-2013 оқу жылына арналған «РАДУГА» тұлғалық өсу клубының жоспары

Тақырып Жауапты Жетекші-кеңесші Кездесулер саны Өткізілу мерзімі
1 Тренерларға арналған тренинг Клуб одағы Асимов М.А. Фоменко Т.В. 8-10 Қыркүйек – қазан
2 Психодрама Байрамов Бинали Галимова Сарра Асимов М.А. 8-10 Қазан-қараша
3 Ертегітерапия Утешева Фариза Арстанбеков Диас Фоменко Т.В. 10-12 Қараша-желтоқсан
4 Боди-арт Мухтарханова Диляра Шеин П.В. 4-6 қаңтар
5 НЛБ Қасымжанова Мадина Курбанова А.О. 8-12 Ақпан-наурыз
6 Психотерапияның суггестивті әдістері Шоханов Бекжан, Манасов Нурлен Дощанов Д.Х. 6-8 Наурыз-сәуір
7 Психоанализге кіріспе Момынов Бахытжан Асимов М.А. Фоменко Т.В. 8-12 Суір-мамыр
8 Символдрама Мухтарханова Салима Фоменко Т.В. 10-14 Мамыр-маусым
9 Қорытындылау, анализ Клубтың барлық мүшелері

1 Маусым
10 Жылдың салтанатты бітуі Клубтың барлық мүшелері