2013-2014 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОСЫМША ЖАЗҒЫ СЕМЕСТРІ




02.06.2014

ҚазҰМУ-дың, ҚР басқа жоғары оқу орындарының және шетел студенттері қосымша жазғы семестрінің пәндерін зерделеуге шақырылады.

Қосымша жазғы семестр 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап 1 тамызына дейін өткізіледі.

Жазғы семестрдің пәндері білім берудің заманауи әдістерінің қолданылуымен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілмек.

Пәндерді оқытушылар-ҚазҰМУ-дың жетекші профессорлары.

Оқытылған пәндер кредиттік және бақылау түрінің көрсеткішімен (немесе бақылау түрінің көрсеткішісіз) транскриптке енгізіледі.

Сіздер www.kaznmu.kz  сайтының негізгі бөлімінің сол жақ бағанасындағы «2014-2015 оқу жылының элективтік пәндері»-«Жазғы семестр» айдарында элективтік пәнді таңдай аласыздар.

Қосымша элективтік пәндерге Сіздер академиялық жұмыстар департаментінде жазыла аласыздар (207 каб.) Тіркелу мерзімі жалғасуда.

 

 

Академиялық жұмыстар департаменті