Қыстық мектептің өткізілгендігі туралы есеп беру. Қыстық мектептің өткізілгендігі туралы есеп беру.




17.01.2014

Қыстық мектептің өткізілгендігі туралы есеп беру.

«Қоғамдық денсаулық сақтаудың актуалды мәселелері:«Мінез-құлық өзгерісінің ғылыми негізделген тәсілдері мен технологиялары»

Қыстық мектептің өткізілгендігі туралы есеп беру.

 

Соңғы екі күн ішінде Қыстық мектеп шеңберінде студенттердің есінде қаларлық,қызықты шаралар ұйымдастырылды.

15 қаңтарда Қыстық мектеп қатысушыларын өзінің құттықтау сөзімен профессор,медицина ғылымдарының докторы,Ресей ғылым академиясының академигі,ҚР ҰҒА академигі,ҚР еңбек сіңірген қайраткері,мемлекеттік сыйлықтың иегері, “Тарлан” сыйлығының лауреаты,БДҰ жоғарғы сыйлығының иегері,профессор,медицина ғылымдарының докторы,Шарманов Төрегелді Шарманұлы ашты.

Шарманов Төрегелді Шарманұлы кездесу барысында, 1978 жылы қабылданған Алматы декларациясының қорытындысы мен БМСК даму тарихы туралы айтып кетті.

Бұл күнгі семинар«Девиантты мінез-құлық: жасөспірімдердегі мінез-құлық өзгерісі», «Адам құқықтары мен гендерлік теңдік.Гендерлік саясатты дайындау мен жүргізуге әсер ететін факторлар құрылымын анализдеу» тақырыптары бойынша өтті.

Оқытушылар:

  • АлтынбековаУмитжанАсылбековна, м.ғ.д., «Денсаулық сақтаудағы саясат пен басқару» кафедрасының доценты;
  • АкимбаеваАнарАбдрахимовна,медицина магистры,ҚР ДСМ-не қарасты салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұлттық орталықтың ғылыми қызметкері.

 

Семинар қатысушылары келесі тақырыптарды талқылады:

1)                    Гендерлік теңдік,социалды және экономикалық фактор ретінде.

2)                    Репродуктивті денсаулық: денсаулық сақтау жүйесіне комплекстік гендерлік әдістерді енгізу.

3)                    Гендерлік теңсіздіктің ерлер мен әйелдер денсаулығына әсері.

Семинардан соң студенттер қаланың назар аударалық,көрікті жерлерін аралады.

 

Осы күндер ішінде студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша олимпиаданың 1 кезеңі өтіп,келесі тақырыптар тыңдалды:

1)«Қазақстан өсімдіктерінен бөлінетін,Мармалла эфир майының саңырауқұлаққа қарсы әсері» – Арымбекова А.К., КҰМУ

2)«Нұра өзеінің сынаппен ластануының санитарлық-гигиеналық аспектілері»- Музафарова А.Ш., КГМУ

3)«Қауіпсіз тамақ өнімдері-денсаулықты сақтаудағы негізгі аспект ретінде» – Зоринская Ю.С.,ҰМУ Семей қаласы

4)«Семей қаласының мектеп оқушыларының тамақтану жағдайын гигиеналық тұрғыдан зерттеу» – Абенова Н.Е.,ҰМУ Семей қаласы

5)«Семей қаласының Ұлттық Медицина Университетінің суицидке көзқарасы» – Худайбердина К.М., ҰМУ Семей қаласы

6)«Арнайы-орта білім беретін студенттердің Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы приориттеттерінің көрсеткіштері» – Досжанова Р.А., КазҰМУ

7)«Туберкулез ауруы бойынша жас өспірімдердің ақпараттану деңгейі» – Жарылғапова А.Ж., М. Оспанов атындағы БҚММУ

8)«Ақтөбе облысында құтыру ауруы бойынша эпидемиялық және эпизоотиялық жағдай» – Әбілхатқызы Ә., М. Оспанов атындағы БҚММУ

9)«Ақтөбе қаласы студенттеріндегі туберкулезбен ауырушылық» – Шукунова Р.Г., М. Оспанов атындағы БҚММУ

10)«Инновациялық технологиялар арқылы ғылыми жұмыстың жүргізілуін мотивациялау және жоғарылату» – Аннаоразов Ы.А., МКТУ

11)«Академиялық мобильділіктің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызы мен пайдасы» – Кудабаев К.., МКТУ

12)«Студенттердің практикалық біліктіліктерін бағалауды мотивациялаудың жаңа әдістері» – Абдугаппаров А., МКТУ

13)«Жедел медициналық көмекті орталықтандырылған басқару» – Ермахан Б., МКТУ

14)«Мейірбикелік үрдіс бойынша дәлелді медицина бағыты» – Койшыбаева Г., КазНМУ

15)«Стационарлық жағдайдағы орта медициналық персоналдың жұмыс аспектілерімен қанағаттану дәрежесін зерделеу» Абсаматова А., КазНМУ

16) «Студенттер арасында фаст-фуд өнімдерін қолданудағы зияндылығын медико- әлеуметтік зерттеу» Калдыбек А., КазНМУ

17)«Стационардағы мейірбикелердің төлем ақысын зерттеу» Мирзабаева А., КазНМУ