«Хирургия мен травматологиядағы жаңа технологиялар»




16.12.2013

2013 жылдың 4 желтоқсанында Университет күндері аясында Алматы қаласының №4 ҚКА-ң үлкен конференц залында №1 Хирургиялық аурулар кафедрасының 80 жылдық мерейтойына арналған «Хирургия мен травматологиядағы жаңа технологиялар» атты халықаралық қатынасумен ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияны «С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң Мақтанышы» құрметті атағының иегері, №2 хирургия бойынша интернатура және резидентура кафедрасының меңгерушісі, №7ҚКА бас дәрігері, профессор Б.Б.Баймаханов жүргізді.

Конференцияның негізгі спикерлері: проф. Jorg Theisen (Мюнхен, Германия); доктор Ph.D Шарунас Т.(Каунас Литва); проф. Лохвицкий С.В. (Қарағанды, Қазақстан); проф Матеев М.А. (Бішкек, Қырғызыстан) проф. Сеинян С. Г.(Ереван, Армения) проф Абдуразаков У.А. (Алматы, Қазақстан) Тукешов С,К. к.м.н., (Бішкек, Қырғызыстан) Римашевский Д.В. – м.ғ.к., (Москва, Ресей), проф. Турсынбаев С.Е. (Алматы, Қазақстан), проф. Ордабеков С.О. (Тараз, Қазақстан) болды.

Конференция жұмысына университетіміздің хирургиялық мамандықтағы кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы, АМДБЖИ-ң хирургиялық аурулар кафедрасының қызметкерлері, А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-ң қызметкерлері, Алматы қалалық емдеу мекемелерінің қызметкерлері, дәрігер-хирургтар, резиденттер, интерн-дәрігерлер және жоғарғы курс студенттері барлығы 250 жуық адам қатынасты.

Конференцияда заманауи хирургия мен травматологиядағы өзекті мәселелер жөнінде баяндамалар тыңдалды. Әрбір баяндама соңында қызу талқылау және пікір талас тудырды.

 

Конференцияны ұйымдастырушылар:

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті

№4 ҚКА