«Тіл – тәуелсіздік тұғыры».




12.12.2013

Тіл – халықтың басты байлығы. Елдің тұтастай тарихы мен келбетін көрсетіп, алға қарай жетелейтінқатынас құралы . «Тіл  дегеніміз  қай  халықтың  болмасын,кешегі, бүгінгі ғана емес,ертеңгі  де тағдыры.» деп халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы Б. Момышұлы айтқан болатын.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай 11 желтоқсан күні  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-да академик Т.Ш. Шармановтың университеттің белсенді студенттері және оқытушыларымен  кездесуі өтті. «Даңқ Залына» жиналған қатысушылардың зейіні бір кісіге ғана ұйылып тұрды. Академик Т.Ш. Шарманов көкейінде сақтаған, ұзақ жинақтаған құнды ойларын студенттерге ашыла тізбектеді. Әр сөзінде салмақты мазмұн бар. Кездесуде келген студенттер мен оқытушылар айтылған  ой-пікірлерді қызығушылықпен тыңдады. «Тіл – тәуелсіздік тұғыры»деп  аталған жиын тақырыбын жан-жақты ашты. Әлемге танымал ғалыммемлекеттік тілдің беделі, үштұғырлы тіл, ағылшын тілінің қажеттігі жөнінде кеңірек айтып берді. Ашық кездесу ерекше мазмұнды өтті. Іс-шара бітісімен студенттер есімі аңызға айналған тұлғамен  суретке түсуге асықты.

ӘТЖБ маманы Б.Сұлтанбек

IMG_0603 IMG_0612 IMG_0629