Медицина ғылымындағы студенттердің болашаққа көзқарасы




03.05.2011

Ақтөбе қаласында 2011 жылдың  сәуір айының 27 ші жұлдызында Марат Оспанов атындағы батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  20  жылдығына арналған “Медицина ғылымындағы студенттердің болашаққа көзқарасы”  атты халықаралық № 51 ші ғылыми конференциясы өтті. Алматы қаласынан төрт студент қатысты: Ахметханова Данна 6 крус бала емдеу факультеті, Байзаханов Аслан 6 курс емеду факультеті, Бегимбетова Камшат 4 курс стомотология факультеті, Нұрмаханқызы Ақтолқын 4 курс жалпы медицина факультеті. Жалпы конференцияға  270 тен ші астам  жұмыс ұсынылып , оның ішінде 200 дей  жұмыс8 секция бойынша оқылды. Бір шаңырақ астына Ресей федерациясының, Өзбекстан және Қырғызстан республикасының, еліміздің жоғары медициналық университетінің жас ғалымдары бас қосып, өз білімдерін ортаға салды. Университетіміздің студенттері мынадай жүлделі орындарға ие болды: Байзаханов Аслан 6 курс емеду факультеті  I ші орын, Ахметханова Данна 6 крус бала емдеу факультеті I ші орын, Бегимбетова Камшат 4 курс стомотология факультеті III ші орын, Нұрмаханқызы Ақтолқын 4 курс жалпы медицина факультеті III ші орын.