С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ этикалық Кеңесі жұмысының негізгі қорытындылары




28.10.2013

(ақпан 2012-ақпан 2013).

проф. Ж.Ғ.Мустафина

Ғылыми Кеңес шешімімен бекітілген Этикалық Кеңес қоғамдық ұйым ретінде ұжымда тұрақты адамгершілік өзектеген психологиялық қолайлы жағдаяттың болуына бағдарланған этикалық принциптер мен адами құндылықтарды белсенді насихаттап келеді. Оқытушы және студент Намыс Кодексін бұзғандарды әділетті, байыпты қарап таңдайды. Қандай да болмасын құқық бұзушылық: көрегенсіздік, әділетсіздік, адами мәртебемен санаспау, ұжымды сыйламау- Кеңес назарына алынады, тиесілі деңгейде баға беріледі.

Намыс Кодексі қызметкерлердің Кәсіби құзыретін құрайтын мына құрамдас бөліктердің: Заң тыңдаушылық, барлық азаматтардың теңдігі, өз тарихын, мәдениетін, Отанын құрметтеу, Отан алдындағы азаматтық парызын орындау арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға және дамытуға бағдарланған. Этикалық Кеңес Намыс Кодексін бұзғандарды жазаға тартады және құқық бұзушылықтың алдын алады.

Есепті кезең бойы Этикалық Кеңес кафедра меңгерушілерінің, заңгерлердің қатысуымен 12 отырыс өткізді, оларда студенттер мен оқытушылардың құқық бұзғандары туралы 20 шағым қарастырылды.  Негізінен бұл ҚР денсаулық сақтау министрі, ректор, декан, ЭК блогына әр түрлі инстанцияларға жіберілген шағымдар, рапорттар, хаттар, хабарлар болды. Профессор-оқытушылар құрамындағы қайсыбір оқытушылар, университет студенттерінің келісімсіз әрекеттері, дөрекілік, әдепсіздік, ұрлық, қаңқусөз, сыбайлас жемқорлық көріністері, адамгершілік қалыптарының бұзылуы туралы хабарлар жеткізілгенді.

Комиссиялардың тексерісі нәтижесінде түсінбеушілік, келісімсіз әрекеттер тудыратын, Намыс Кодексін бұзушылық факторлары анықталған.

Ректор блогына деканат қызметкерлерінің құзыретсіздігіне, дөрекілігіне, әдепсіздігіне студенттер арызданған-ды. «Кім оларды «қорғаштап» жүр, олардан болашақ дәрігерлер не үйренбек?!»

Деканат, факультет Кеңестері күн тәртібіне шығарылған мәселелерінің шешілуі, Ғылыми Кеңес шешімдерінің дер кезінде орындалуы бақылауға алынбағаны айқындалды.

ЭК ұсыныстары бойынша НК бұзғаны және келісімсіз әрекеттерде байқалғаны үшін оқытушылар университеттегі лауазымынан босатылады, ал студенттер жатақханадан шығарылды. Басшыларға бөлімдердегі адами-психологиялық жағдаят берекесін келтіретін тұстардың алдын алу шараларын өткеру қажеттілігі туралы ескерту берілді.

Кезең бойы Этикалық Кеңес мүшелері:

–         Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясатының Бағдарламасы және оны жүзеге асыру шараларының жоспары талданған және оны жүзеге асыру шараларының жоспары талданған және Ғылыми Кеңес шешімімен бекітілген

–         ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы-жалпы еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалы мақаласын ҚазҰМУ жүзеге асыру шараларының жоспары

–         ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына ұсыныстар жобасы.

– Өткерілді:

– Декан орынбасарларымен, факультеттердегі тәрбие жұмысына жауаптылармен, студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту Департаментімен, «Антикорр» тобымен азаматтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты дамыту бойынша 5 бірлескен отырыс өткізді;

– жатақханадағы орындарды дұрыс бөлу мәселесі бойынша 6 отырыс өткізілді.

Онда орын алған кемшіліктер, қателер, олқылықтар атап көрсетілді. Студенттер шағымдарының алдын алу шараларында оң өзгерістер байқалады.

-Студенттердің белсенді қатысуымен азаматтық-патриоттық, экстремизмге қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатымен 9 конференция, «дөңгелек үстелдер» өткізілді, «Адасқандар» фильмі көрсетілді.

– Деканат тарапынан адами-этикалық принциптерінің бұзылуы, дөрекілік, құзыретсіздік туралы Ректор блогына келіп түскен шағымдар бойынша тексеру комиссиясы ұйымдастырылды, оның жұмыс нәтижелері бойынша 8 бірлескен жұмысшы мәжілістері өткерілді. Деканат және факультет Кеңесінде университет оқытушылары мен студенттерінің адами-этикалық тәрбие мәселелерін міндетті түрде тыңдалуы ұсынылды.

Кафедра меңгерушілерінің есебінде оқытушылар және студенттер ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру бойынша өткізілген нақты жұмыс көрсетілуі тиіс.

Ұйымдастырылған тарихи-әдеби кештер, кездесулер, жылжымалы көрмелер, ілмелер рухани-адамгершілік тақырыбына арналған-ды. Кеңес Одағының батыры М.Маметованың 90 жылдығына арналған фестиваль студенттердің айрықша қызығушылығын тудырды. Кеңес Одағының батыры М.Маметованың 90 жылдығына арналған армия генералы С.Нұрмағанбетовтың қатысуымен ҚазҰМУ-е салтанатты жиналыс өтті.

Университет деңгейінде қымбатты ұстаздарымыз проф.В.В.Александроич, проф.А.Л.Котова, проф.Х.К.Сатпаеваға, проф.Н.И.Мезинованың мерейтойларына арналған «Ғалым. Педагог. Дәрігер. Әріптес» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференциялар өткерілді.

Студенттер қауымының белсенді қатысуымен теңдесі жоқ мемлекеттік және қоғам қайраткерлерін, ұлттық әдебиет пен мәдениет классиктерін еске алуға арналған мәдени-ағарту шараларының циклы өткізілді. «Байтұрсынов оқулары», «Ахмет Байтұрсынов – ұлт көшбасшысы» ғылыми – практикалық конференция ұйымдастырылды. Ахмет Байтұрсыновтың 140 жылдығына арналған филормония әртісі, халықаралық конкурстар лауреаты Жанар Сүлейменова қайырымдылық концертін қойды. Ахмет Байтұрсыновқа арналған фотоілме, кітап сөрелі көрмесі сондай-ақ «Түркі әлемі» арнайы назар аударды. «Сайтқа және «Шипагер» газетіне орнықтырылды. Қатысушылардың ерек қызығушылығын «Алаш-Орда-қазақ мемлекетінің бастауы» Алаш қозғалысының 95 жылдығына арналған сондай-ақ «Лев Тумилев және оның Еуразиялық идеясы», «Ғ.Мұстафин – қазақ әдебиетінің классигі» ғылыми-практикалық конференциялар тудырды. «Жүрек айнасы» телефильм көрсетілді. Фото-экспозиция, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Бұл шаралар тілдік дайындық, ҚР тарихы, философия және саясаттану, кітапхана-қатысуымен ұйымдастырылды.

Университет тарихында «Concordia»театрының ашылуы есте ұзақ қалатын оқиға болды. Ай сайын біздің театрда студенттер мен қызметкерлерге арналған шеберлік-кластары өткерілді, ашық жұртшылыққа арналған дәрістер оқылды, ҚР танымал сахна және киноөнері саңлақтарымен кездесулер ұйымдастырылды. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясының симфониялық оркестрі халықаралық сыйлықтар лауреаты, ҚР халық әртісі Жания Аубакированың қатысуымен концерт қойды. ҚР өнер қайраткері Булат Аюхановпен кездесу өткізілді. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театры «Қайран жас дәурен» қойылымын қойды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері, танымал кинорежисер, публицист, Ғабит Мүсрепов атындағы жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі Теменов Талғатпен шығармашылық кеш өтті. Кеш ҚР халық әртісі Лидия Каденованың қатысуымен өткерілді. «Карменсита», «Тололёк мой в красный косынке» инсценировкалары қойылды.

ЭК мүшелері (профессорлар Б.Х.Хабижанов, А.Н. Нұрмағанбетов, Қ.А.Тулебаев, А.Д.Соколов, Рамазанова, Б.А. Л.Я.Зазулевская, М.А.Асимов, М.В.Қуанышев және т.б.) уақыт тапшылығына қарамай ЭК шаралар жоспарын жүзеге асыруда белсенділік танытты. ЭК мүшелері 20 жарияланымдарды шығарды: қоғамдық ұйымдар және БАҚ жұмысына да тікелей қатысты («Қазақстан», «ЗІ», «Жеті күн», «Хабар», «Каспионет», «КТК», телерналар, «Шипагер», «Алматы Ақшамы», «Ана тілі», «Алаш айнасы» газеттері) студенттердің әрекеті белсенділік танытты. Студенттік ұйымдарда ЭК мүшелері де бар, олар жастардың мәдени және білім деңгейлерін, көптілділіктің бел алуына, студенттер қауымдастығының халықаралық білім кеңістігіне енуіне ат салысады. 100-ге жуық біздің таңдаулы студенттеріміз өз білімін Еуропа, АҚШ, Қытай, ТМД елдерінде жалғастыруға үміттеніп жүр. Студенттердің азаматтық позициясының белсенділігі едәуір өскен, университет студенттерінің отансүйгіштігі жасырын сауалнама өткерілгенде анықталады. Сауалнама өткендердің 70% адамгершілік өзектеген медицинаны қалап алды, өкінішке орай 20% оқу үрдісін өткізу әдістемесіне қанағаттанбайтынын білдірді. Сауалнама бойынша жауап бергендердің 90% қандай да болмасын сыбайлас жемқорлыққа қатысы жоқтығы анықталды, қуанышты жәйт. Студенттер қала әкімияты ұйымдастырған акцияларға белсенді қатысты («ҚР мемлекеттік рәміздері», «Өз денсаулығың үшін темекіні алмаға алмастыр», «Студенттер», «Сыбайлас жемқорлык қызметкерлердің келісімсіз әрекеттер бойынша келіп түскен шағымдарды қарауға арналған 20 әр түрлі шаралар өткізді.

 

Университет кәсібі құзыретті, жаңашыл, өз жеке бас шаруасын жалпы іс мүддесінен жоғары басымдыққа жатқызбайтын, жүйесіздікті еш қабылдамайтын, жалпыадамзат құндылықтарын сыйлайтын кадрларға мұқтаж.

Тәрбие үрдісі – бұл әр оқытушының міндеті болып табылатын үзіліссіз күнделікті жүргізілетін жұмыс.