04.05.2012 жылы шет тілдер кафедрасында Германия академиялық алмасулар қызметінің және Гете институтының ақпараттық семинары өткізілді




10.05.2012

ДААД ақпараттық орталығының директоры Микаэль Яуманн және білім беру орталығы менеджері Жунусова Дина білім беру, азаматтық бастамалар, мәдениет және өнер аумағында Қазақстан мен шет елдерде біріккен стипендиялық бағдарламаларды ұйымдастыратын Германия Академиялық алмасу қызметінің (ДААД) жұмыстары туралы ақпараттар берді.

Алматы қаласындағы Гете институтының тіл бөлімнің жетекшісі Сюзан Беккер студенттерге сол институтта өтетін жалпы тілдік курстар туралы әңгімеледі. Тереңірек танысу үшін барлық студенттерге әртүрлі ақпараттық буклеттер мен анықтамалық материалдар таратылды.

Кездесу студенттердің білім беру және стипендиалық бағдарламаларына деген қызығушылықтарын арттырды, қонақтарға көптеген сұрақтар қойылды.