Шет тілі кафедрасы




19.07.2011

ЖАҚСЫДАН ҮЙРЕН…

(Семей медициналық университеті мен ҚазҰМУ арасындағы
«Академиялық қозғалыс»
өзара студенттер алмасуынан алған алғашқы әсерлер)

Біз, Семей Мемлекеттік медицина университетінің Жалпы медицина факультетінің 202 тобының студенттері «Академиялық қозғалыс» бойынша өзара студенттер алмасу тәжірибесінде 2011 жылдың 11 сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне келдік. Республикамыздың шығыс аймағынан келген біздер үшін Ұлттық университет тәжірибесі мен оқу үрдісі біраз қызығушылығымды арттырғаны рас.
Медициналық пәндермен қоса, біз үшін гуманитарлық пәндердің де дәрігер мамандығына аса қажет екені белгілі. Әсіресе, қазіргі таңда елімізде «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасы аясында жаңаша саясат қолға алынып, жас мамандардың ғаламдастыру үрдісінен шеттетілмей, әлемдік дәрежеде бәсекеге қабілетті болуы үшін маңызды мәселелердің бірі шет тілін үйрену, жетік меңгеру болып табылады. Ал біз үшін медицина қарашаңырағы болып табылатын ҚазҰМУ-да студенттердің шет тілін қалай меңгеріп жатқандығы және шет тілі кафедрасының оқу үдерісіндегі ерекшеліктері қызығушылығымызды оятты.
13 сәуір күні осы университеттің шет тілдер кафедрасында 8.00-ден 10.50-ге дейін ағылшын тілі пәні бойынша ашық сабаққа қатыстық. Ашық сабақ “Peritonitis” тақырыбы бойынша өтті. Бұл сабақты шет тілдер кафедрасының аға оқытушы С.Х. Сағантаева өткізді. Ашық сабақ жаңа инновациялық оқу-әдістемелік құралдарды қолданылу арқылы қызықты әрі мазмұнды өтті. Көрнекі құралдар, грамматикалық таблица-схемалар, магнитофон, кроссвордтар, сөздік және жаттығулық карточкалар, аурудың сырқатнамасы медициналық тұрғыдан да сабақтың мәнін ашып, студенттердің қызығушылығын оятуға ықпал етті. Бұл сабақ қызықты ойындармен, рөлдік көріністермен ерекшеленді. Диалог түрінде және сырқатнама толтыру арқылы да сабақ бізді өте қызықтыра түсті.
Ашық сабақ таза ағылшын тілінде өткізілді. Ашық сабаққа кафедраның дәл сол уақытта сабақтан бос оқытушыларының барлығы қатысты. Сабақ соңында кафедра меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова және оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы А.А. Садықова өз тілектерін білдіріп, сабақтың өту барысының және студенттердің «Академиялық қозғалыс» бойынша алмасуы қазіргі замандағы оқу үрдісіне енген үлкен жаңалығы екенін айтып, СММУ Жалпы медицина факультетінің 202 тобының студенттеріне сәттілік тіледі.
202 топ студенттері атынан шет тілдер кафедрасы оқытушыларына деген ыстық ықыласымызды, алғысымызды ізгі тілек ретінде Секей Серікболат өзінің жыр шашуын арнады:

Білім десе құрғыр жүрек арындайды,
Білімсіз шырағың да жағылмайды.
Шымырықпай әрқашан шындық айтсаң,
Шындығың әрі қарай дамылдайды.
Өзге тілді қадірлеп пір тұтпасаң,
Шырағың ешқашан да жағылмайды.
Кафедралар соншама көп болса да,
Шет тілінен артығы табылмайды.

СММУ Жалпы медицина факультетінің
202 тобының студенттері және
топ жетекшісі Алимжанова Гульмира.

Семей-Алматы медициналық университеттерінің «Академиялық қозғалыс» өзара студенттер алмасуының алғашқы нәтижесі

Біз, Семей Мемлекеттік Медицина Университетінің Жалпы медицина факультетінің 202 тобының студенттері «Академиялық қозғалыс» бойынша өзара студенттер алмасу тәжірибесінде 2011 жылдың 11-сәуірінде С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетіне келдік. 13-сәуір күні осы университеттің шет тілдер кафедрасында 8.00-ден 10.50-ге дейін ағылшын тілі пәнінде ашық сабақта болдық. Ашық сабақтың тақырыбы “Peritonitis”. Бұл сабақты шет тілдер кафедрасының аға оқытушы С.Х. Сагантаева өткізді. Ашық сабақ жаңа инновациялық оқу әдістемелерін қолданылу арқылы жүргізілді. Ашық сабақта көрнекі құралдар, грамматикалық таблица-схемалар, магнитофон, кроссвордтар, сөздік және жатығулық карточкалар, аурудың сырқатнамасы қолданылды. Бұл сабақ қызықты ойындармен, рөлдік көріністермен ерекшеленді. Диалог түрінде және сырқатнама толтыру арқылы да сабақ бізді өте қызықтыра түсті.

Ашық сабақ таза ағылшын тілінде өткізілді. Ашық сабаққа кафедраның сабақтары жоқ оқытушыларының барлығы қатысты. Сабақ соңында кафедра меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова және оқу ісінің меңгерушісі, аға оқытушы А.А. Садыкова өз тілектерін білдіріп, сабақтың өту барысының және студенттердің «Академиялық қозғалыс» бойынша алмасуы қазірігі замандағы оқу үрдісіне енген үлкен жаңалығы екенін айтып, СММУ Жалпы медицина факультетінің 202 тобының студенттеріне сәттілік тіледі.

202 топ студенттері атынан шет тілдер кафедрасы оқытушыларына естелік, ізгі тілек ретінде өзі шығарған өлеңін Секей Серікболат арнады:

Білім десе құрғыр жүрек арындайды,

Білімсіз шырағың да жағылмайды.

Шымырықпай әрқашан шындық айтсаң,

Шындығың әрі қарай дамылдайды.

Өзге тілді қадірлеп пір тұтпасаң,

Шырағың ешқашан да жағылмайды.

Кафедралар соншама көп болса да,

Шет тілінен артығы табылмайды.

СММУ Жалпы медицина факультетінің

202 тобының студенттері және

топ жетекшісі Алимжанова Гульмира.