Х А Б А Р Л А М А




18.06.2012

Құрметті студенттер!

Қазақ тілін қолдануға бағытталған «Менің тітім әдемі!» атты интернет жобасын жүзеге асыру үшін «Кар-Тел» ЖШС («Belline») – tilim-elim.kz атты сайт құрылады.

Осы жобаға қатысуға ниет білдірушілер қазақтың дара тұлғасы Абай Құнанбайұлы аударған  мысалдар, мәнерлеп оқығанын бейнекамераға немесе ұялы телефон  камерасына түсіріп, аталған сайтқа жүктей алады. Маусым айында жиналған мысалдардың ішінен үздік деп танылған бейне үзінділерден үш бейнебаян жасалады деп жоспарланып отыр.

Осыған байланысты, жобаға қатысуыңызды сұраймыз. Жоба жөніндегі толық ақпаратты tilim –elim.kz сайтынан алуға болады.

«Менің тілім әдемі!» жобасының авторлары қазақ тілін жетік меңгергендерге ғана емес, сонымен қатар қазақ тілін енді үйрене бастағандар да қызығатын бірдеңе ойлап таппақшы болды.

Барлығымыз Ұлы Абайды білеміз, бірақ оның шығармаларын жатқа білеміз деп айта алмаймыз. Алайда барлығымыз білетін туындылары бар. Мысалы, И.Крыловтың мысалдары. Өз заманында орыс әдебитінің маржандарын отандастарына жеткізу үшін Абай орыс классиктерінің көптеген танымал шығармаларының керемет аудармасын жасады.

Бәріміз бірге аздан бастайық – біз сіздерді тамаша бейне қойлымдарды жасауға шақырамыз: бізбен бірге «Қарға мен түлкі», «Құмырсқа мен шегіртке», «Піл мен қанден» мысалдарының қазақ тіліндегі аудармаларынан үзінді оқып, алғашқы қазақ тіліндегі ұжымдық оқылымға қатысыңыздар!

Осы сайттан сіз әр мысалды кәсіби диктордың орындауында тыңдай аласыз, ол сізге жазбаның алдында дайындалуға көмектеседі. Сіз мысалдарды қалағаныңыздай оқып, өз орындауыңыздағы жазбаны тыңдап, ұнамаса, жойып, оны қайтадан жаза аласыз!

Үзіндіні бір рет жіберген соң, сіз бізге жазып, жібергеніңізден басқа үзінділерді жазуға қатыса аласыз. Біз барлық мысалдарды жазуға қатыссаңыз, қуанамыз! Ең белсенді әрі қызықты оқығандар үш мысалдың ақтық монтажына кіреді, ал барлығын осы сайттан көре аласыздар. Қатысу шарттары – қарапайым, мақсаты – жоғары. Кез келген тілді, тіпті ең қиынын да жеңіл әрі тез үйреніп алуға болады.

 

Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін  дамыту басқармасы.    

Ғабитхан Г.Г.