Химия кафедрасы




19.07.2011

Химия кафедрасының тарихынан

Алматы Мемлекеттік Медицина институтының химия кафедрасы 1931 жылдың 5 мамырында құрылған. Оның ең алғаш негізін қалап, жетекшісі болған х.ғ.к., доцент – Литвинова Нина Николаевна. Кафедрада органикалық, физикалық және коллоидты химия, жалпы химия пәндері бойынша сабақтар жүргізілді.

1949 жыл мен 1971 жылдар аралығында кафедраны химия ғылымдарының кандидаты, доцент Ильинский Тихон Федорович басқарды.

1951 жылы Алматы Мемлекеттік Медицина институтында фармацевтика факультеті ашылды.

1971 жылы кафедра медициналық факультеттердің жалпы химиясы және фармацевтика факультетінің химиясы деп екіге бөлінді.

Медициналық факультеттердің жалпы химиясы кафедрасына, кафедрада 1968 жылдан бастап оқытушы болып істейтін х.ғ.к., доцент Ихсанов Жумажан Абуович тағайындалды.

Одан кейінгі жылдары медицина факультеттерінің жалпы химиясы кафедрасына х.ғ.к., доцент Асанова Ольга Леонтьевна (1975-1977 ж.ж.), ал 1978 жылдан бастап х.ғ.к., доцент Абишев Майдан Айтмагамбетович жетекшілік еткен.

1983-1986 ж.ж. аралығында медициналық факультеттердің химиясы кафедрасына профессор Ж.А. Ихсанов қайтадан жетекшілік етті.

Фармацевтика факультетінің химиясы кафедрасында, 1971жылы жеке бөлінгеннен бастап, х.ғ.к., доцент Горковский Дмитрий Владимирович жетекшілік етті.

1977 жылы фармацевтика факультетінің химиясы кафедрасы токсикология және аналитикалық химия кафедрасы болып қайта құрылды. Оны фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент – Ушбаев Кенес Ушбаевич басқарды.

1989 жылы фармацевтика факультетінің химия кафедрасы екіге бөлінді. Оның бірі – аналитикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, оған фармацевтика ғылымдарының кандидаты, доцент Тегісбаев Ерболат Тегісбаевич, өзінің бұрынғы атауымен қалған екінші кафедра фармацевтика ғылымдарының кандидаты – Тулегенова Ардак Орынбасаровна жетекшілік етті.

1995 жылы фармацевтика факультетінің химия кафедрасына аналитикалық және токсикологиялық химия кафедрасы, жыл өткен соң медициналық факультеттердің химиясы кафедрасы қосылды. 1999 жылы химия, жоғарғы математика және медициналық физика кафедралары бірігеді де, кафедра физика-химия пәндері кафедрасы деп аталады, кафедраны ҚР МҒА корреспондент-мүшесі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор Төлегенова Ардақ Орынбасаровна басқарды.

2003 жылы физика-химия пәндері қайтадан бөлінді, ал 2006 жылы химия кафедрасына органикалық химия пәні қосылды.

2008 жылдан күні бүгінге дейін химия кафедрасын профессор Құсаинова Жеңіс Жанғалиевна басқарады.

Қазіргі кезде химия кафедрасында оқу 8 пән бойынша жүргізілуде. Кафедра штатында 17 оқытушы жұмыс істейді, олардың біреуі профессор, 15 ғылым кандидаты.

 

Clipboard01

Әдістемелік жұмыс. Кафедра қызметкерлері ҚР Денсаулық Министрлігіне нормативті және директивті құжаттарды дайындау барысында белсенді атсалысады. Барлық пәндер бойынша, профессор Ж.Ж. Құсаинова, доценттер Л.Г. Веренцова және А.Ж. Молдақалыковалардың авторлығында ҚР медициналық жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған типтік оқу бағдарламалары басылымнан шыққан. Пәндер бойынша ОӘК басылымнан шыққан. Соңғы оқу жылдарында кафедра бойынша 10-нан астам оқу құралдары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді.

Ғылыми жұмыс және Ғылыми-студенттік үйірме (ҒСҮ). Химия кафедрасында ғылыми жұмыс – фармацевтика факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы бағдарламасының құрамына енген, «Жергілікті шикізаттан жаңа биологиялық белсенді заттар мен дәрілік препараттарды іздеу және жасау» тақырыбы бойынша, Фармокопеялық РГП Орталық директоры, фарм. ғылымдарының докторы, профессор А.О. Төлегенованың жетекшілік етуімен жүргізілуде. Оның жетекшілігінде 2 докторлық, 3 кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша Халықаралық (4), Республикалық (7) және Университеттік (2) конференцияларда баяндамалар жасалды.

Кафедрада ҒСҮ жұмыс жасайды, ол үйірмеге фармацевтика факультетінің 1,2 курс және медициналық факультеттердің 1 курс студенттері қатысады. Кафедра оқытушыларының жетекшілігімен олимпиадалар өткізіліп тұрады, үздік шыққан студенттер факультет және университет олимпиадаларына жолдама алады. Үздік баяндамалар университет ғылыми топтамаларында жарық көреді.

Тәрбие жұмысы. Кафедрадағы тәрбие жұмысы ҚазҰМУ тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жүргізіледі. Әсіресе 2008-2011 ж.ж. ҚазҰМУ даму бағытындағы негізгі шараларды іске асыру жоспарына ерекше мән беріледі.

2008-2010 оқу жылында химия кафедрасының оқытушылары жалпы медицина факультетінің 1 курсында 17 топта (018-034) кураторлық етті.

2009-2010 оқу жылында химия кафедрасы фармацевтика факультетінің қу жылында химия кафедрасы фармацевтика факультетінің курсының 5 тобында (01-05) жетекшілік етуде.

Тәрбиелік жұмыста төмендегі сұрақтарға ерекше мән беріледі:

· Қазақстан Президенттінің халыққа жолдауы

· УНИВЕРСИТЕТ КҮНДЕРІН тойлау

· Студенттік басқарманың иннагурациясы; студенттер қатарына қабылдау

· Университеттің барлық қоғамдық жұмыстарына белсенді қатысу Жатаққанада тұратын студенттер қал-жағдайынан үнемі хабардар болып, олардың тұрмыстық қиыншылықтарын шешуге көмектесу;

· ҚазҰМУ мұражайына және театрға бару

· Топтарда тәрбиелік-патриотты тақырыптарда әңгіме өткізу («Нашақорлық және темекі шегудің денсаулыққа зияны»; «ҚР фармация ғылымының дамуы»; «Жоғарғы оқу орындарындағы негізгі ережелер мен этикет нормалары»; т.б.)

Құсаинова Жеңіс Жанғалиевна – ҚазҰМУ профессоры, 2008 жылдан бастап химия кафедрасының меңгерушісі.

1943 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді.

Ұлты қазақ, тұрмыс құрған.

1966 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ химия факультетін бітірген. Химия ғылымдарының кандидаты, доцент. 2003 жылдан С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУпрофессоры.

1966-1970 ж.ж. – Ленинград қаласындағы жоғары молекулалық қосылыстар институтына жолданған, ҚазССР ҒА химия ғылымдары институтының аспиранты.

1970 жылдан күні бүгінге дейін С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ химия кафедрасында жұмыс істеймін. 1989-1995 ж.ж. ҚазССР Денсаулық Сақтау Министрлігінде РУМО нұсқаушысы.

1996-1998 ж.ж. – емдеу факультетінде декан орынбасары, соның ішінде 4 ай емдеу факультетінің деканы қызметін атқарушы.

1998-2001 ж.ж. ҚР Жоғарғы медициналық оқу орындарының РУМО нұсқаушысы. (ҚазҰМУ жанынан құрылған, Алматы қаласы). 15 жылдан астам кафедра оқу ісінің меңгерушісі. Университет Ғылыми кеңесінің (1996-1998ж.ж.), жалпы медицина факультетінің (2007-2009), фармацевтикалық факультеттің (2009-2010) мүшесі болдым. Фармацевтикалық факультеттегі циклді-әдістемелік және проблемалық комиссиялардың мүшесімін.

ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі жоғарғы оқу орындарын және ҚазҰМУ тексеру комиссияларының мүшесімін.

ҚР жоғарғы медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған 4 типтік оқу бағдарламасының авторларының бірі. Қосалқы авторлықта 9 оқу құралы баспадан шыққан, олардың екеуі – мемлекеттік тілде. 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, олардың 17-і халықаралық.

«Отличник Здравоохранения СССР» (1981), Білім және Мәдениет Министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау комитетінің мақтау қағаздарымен (1991) марапатталған. «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау үздігіне» құрмет белгісінің (2003) иегері.

ҚазМУ – Қазақ Ұлттық Университеті

ҚазҰМУ – Қазақ Ұлттық Медицина Университеті