Жаһандану үрдісіндегі студенттерге білім беру




25.10.2011

Арнайы шақыртумен келген Түркия мемлекетінің көрнекті қоғам қайраткері, социалогия ғылымдарының докторы Тюфекчиоғлы Хаяти бейдің жалпы медицина және стоматология факультетіне оқыған кезекті лекциясынан туындаған ой

Түркия ғалымы Асфендияров атындағы ҚазМУ-да

21.09.2011жыл

 

Ғалым Хаяти бей оқыған дәрісінде, Қазақстан мен Түркия мемлекеттерінің арасында қалыптасқан жан-жақты қарым қатынасқа тоқталды. Түркия ең алғаш Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде таныған ел. Сіздер тәуелсіздік алған уақытта Түркия Республикасының президенті Тұрық Төзаль болатын. Ол өзінің Қазақстан Республикасының президентімен кездесу сухбатында айтқан екен: «1950 жылы Түркияға қоныс аударған қазақтар болды. Олардың оған дейін Қытайдың, Ауғанстанның қуғын-сүргініне ұшырап, кейін Пакистанға барып, онда да жағдайы мүшкіл болған екен. Кейін сол Үндістандағы біздің елшіміз осы қазақтарды «түбі бір түркі елміз ғой» – деп Түркияға жіберіпті. Мүмкін, олар 700-800 қазақтар шамасында болған сияқты. Ал қазіргі таңда сол қазақтардың саны мыңнан асты. Бұлардың біразы Стамбулда, біразы басқа қалаларда өмір сүреді.

Сол кезде ҚР президенті Н.Назарбаев түркиялық әріптесіне сұрақ қойған екен:

Түркияда қазір қанша қазақ бар? – деп, сонда Түркия президенті: мені қосқанда 70 мың қазақ бар деп жауап берген екен. Президент өзі қазақ халқын өте жақын көргені ғой.

Сонымен қатар, Хаяти бей айтады, маған бір қатты ұнағаны, мен бұрын естімеген: Қазақстанның сыртқы істер министрлігі тарапынан «Біз, түркі халқымен, мәдени жағынан да, тарихи жағынан да ұқсас ортақ туыс елміз, бізді таныған да сіздер болғандығы, сіздердің бізбен қандас бауыр екендігі белгілі» деген екен. Міне, содан бері 20 жылдай уақыт өтті. Осы өткен 20 жылға байсалды баға беруге болады. Бір көктен, бір атадан тарағанымен, түркиялықтар қазақтар туралы бей хабар, Қазақстан атауы түрік еліне киіз үйлер, салт атты, садақ асынған халықты елестетеді. Яғни бұл сол 20 жыл ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас жоғарғы деңгейге, бірін-бірі танитын дәрежеге жетпегенін көрсетеді.

Осы үдерісті, яғни бір көк, бір тамыр, бір атадан деу  процесін дамыту үшін бірігіп жедел, әрі қарқынды жұмыстар жүргізуіміз керек. Үдерісті бірлікпен, мемлекет пен қоғам мүддесіне сай тірліктер жасаумен ұштастыру қажет. Бейбітшілік, туыстық, бауырлық қарым-қатынасты күшейтіп, қазақ-түрік бауырлығын жалғастырайық.

Біз де, сіздер де 1000 жыл бойы басқа елдермен тығыз қарым-қатынаста болдық. Сіздер орыс халқының салт-санасымен алмасып, дәстүр, мәдениет, тілдеріңізді бұрмаландырып алдыңыздар.

Осындай кемшіліктерден соң қарым-қатынасты күшейтіп, тарихқа жаңа, қазіргі жағдайлармен еніп, әлеуметтік жаңа өмір жайлы ақпарат беріп, қате пікірлерді түзету керек. Түркияға,  түрік халқына қазақ халқын жаңа қырынан таныту қажет. Қазіргі Түркиядағы сіздер жайлы ақпарат өте ескі.

Біз әріптестерімізбен осы Алматы қаласына алғаш келгенде, қыдырып, аралап, қаламен таныстық. Бәрі басқаша, біздің көргеніміз: дамыған технология, техника, индустрияланған жаңа өркениетті ел, бұған таң қалдық. Осыған дейінгі санамыздағы Қазақстан туралы ойымызды жаңартып, елімізге жаңа оймен оралатын болдық, елімізге бұл жайлы айтып баратын болдық-деді.

Сонымен қатар, профессор дәріс барысында Ш. Айтматов жайлы оның барлық кітаптары Түркияда түрікше аударылып, елде көп тарағандығын айтты. Барша қазақ елі жайлы бірнеше ойларға тоқталып өтті. Олар:

  • қазақ тілінің мәртебесі;
  • патриотизм, ұлттық сана;
  • қоғам, еліміздегі 130-ға жуық ұлт өкілдері жайлы;
  • орыстану саясаты жайлы тоқталды;
  • әлемдік экономикадағы Қазақстанның рөлі;
  • сауда статистикасына да көз жүгіртіп өтті. Оның ішінде қазақ-түрік саудасы не бәрі 2,5% ғана құрайтынын көрсетіп өтті;
  • Білім-ғылым саласындағы тәжірибе алмасу жайында да әңгімелер қозғады;
  • Өзінің 2008 жылы Түркістан медицина университетіне барғандығы туралы айтты;

Сол жылы Алматы қаласында түркі халық конференциясына қатысқанын ондағы бейбіт, достық жайлы пікірлерін айтып, таныстырып өтті.

Дәрістің соңында студенттер ғалымға сұрақтар қойып пікір алмасу жүрді:

1)      I курс студенті Ж.М.  Шәкен Қалампыр:

–          Сіз Қазақстанға әлі де келесіз бе? Қаншалықты сізге Қазақстан жақын?

Хаяти бей: Мен өзімді қазақпын да дей аламын, қазақпен құда болып, тамақ алысып, дәмдес, астас болдым. Келінім қазақ. Менің 2 қалам бар: 1-Стамбул болса, 2-Алматы

2)      I курс СТОМ-факультенің студенті Құралай:

–          Сіз бізден басқа Қазақстанда қандай университетте дәріс бердіңіз? Әрі біз сізге ұнадық па? Көңіліңізден шықтық па?

Хаяти бей: Иә, мен Әл-Фараби атындағы ЖОО-на дәріс, конференциялар өткіздім, бірақ медицина университетіне алғаш рет және маған бұл университет ұнады

3)      I курс СТОМ-факультетінің студенті Кеңесбек Әли:

–          Сіз біздің оқу орнында сабақ бергіңіз келе ма?

Хаяти бей: Әрине, сұраныс болса, осылай келіп, кетіп дәріс оқуға мен дайынмын

4)      Аға оқытушы Ғанижамал Төлеуқызы Рысалдина:

–          Медицинада қандай тәжірибе алмаса аласыздар?

Хаяти бей: Стамбул медицина орталығында жоғарғы дәрежеде дамыған, интернет жүйесі арқылы 80% операциялар жасалып, дамыған технологиямен емделушіге көмек беріледі. Тәжірибе алмасып, көріп, білуге де болады.  Қазіргі кезде ол технология Қазақстанда да даму үстінде жетіліп келеді.

5)      I курс Жалпы медицина факультетінің студенті Айтақын Ақтоты:

Дін жағдайына қалай қарайсыз: секталар,  ағымдар қазіргі таңда бізде өте көп?

Хаяти бей: Қазақстан еш елге ұқсамайтын, құрылымы күрделі ел. Әр ұлтта әр түрлі наным-сенім бар. Ал сіздерде ол ұлттың 130-дан астамы бар. Бірақта, оған қарамастан, алып державалармен Россия, Қытай сияқтылармен шектесесіздер.Халық саны да аз, жері кең Қазақстан үшін ол қорқыныш. Бірақта оған қарамастан шебер, адам сенгісіз саясатының Президенттеріңіздің арқасы. Діни секталар барлық жақта кездеседі. Социолог-ғалым ретінде өз көзқарасым: Қазақстан ұлтының арасында өзге шет мемлекеттер секілді көтерілістер болмайды деп айта аламын және халық бейбіт, достықта өмір суретіне сенемін. Ешқандай жауға бой алдырмайды.

Осы кездесуді Ғанижамал Төлеуқызы Рысалдинаның қорытындылай келе университетіміздің тарихында алғаш рет Президенттің Қазақсиан халқына 2011жылғы Жолдауындағы бәсекеге қабілетті білім беру үрдісін қамтамасыз етуде шет елдің озық ғалымдарын шақыру мәселесі көтерілген болатын. Бұл дәстүрі бүгінгі күні жүзеге асырылды , Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану кафедрасының және студенттер құрамы атынан  алғысын айтты .

Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Рсалдина Ғанижамал Төлеуқызы, жалпы медицина факультеті 11-1 топ: Сая Ақбөпе