ХАБАРЛАНДЫРУ




14.09.2011

Қыркүйек – қараша айлары аралығында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі Қоғаммен байланыс, сондай-ақ, Тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі бөлімдермен бірлесіп «Мемлекеттік тіл – менің тілім» фестивалін өткізеді. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналып отырған бұл дәстүрлі шараға университетімізде оқитын өзге ұлт өкілдерімен қатар, талантты жастар және ұстаздар мен ғалымдар қатысады. 1-кезең бойынша Стоматология және Жалпы медицина факультеттері  22-қыркүйек ҚР халықтарының тілдері мерекесіне орай өткізеді.  Фестивальдің шарттары бойынша «…Қасиетті тілімнен түңілмедім» би-шешендердің шығармашылығынан сахналық қойылым, «Тіл – татаулық тірегі» өзге ұлт өкілдерінің арасында өнер көрсетуден, «Медицина білімі мемлекеттік тіл аясында» тақырыбында бейнероликтер және тағы сол сияқты әр түрлі қызықты тақырыптарда факультеттер сайысқа түседі. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, болашақ дәрігерлердің ұлттық рухын ояту.

Басталуы: 21 қыркүйек, сағат 17:00. Өтетін жері: Конгресс-хол. КЕЛІҢІЗДЕР! КӨРІҢІЗДЕР!