ХАБАРЛАНДЫРУ!




16.08.2013

Сіздерді 2013 жылдың 17-18 қазан айында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде өтетін «Инновация арқылы медициналық білім беруді жетілдіру» атты халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференцияға шақырамыз.

Конференцияның мақсаты: Қазақстан және Орта Азия елдерінде Азиядағы медициналық білім беру мәселесінің болашағы жөнінде, медициналық жоғары оқу орындарының тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.

Конференция аясында келесі секциялардың жұмысы жоспарланады:

  1. Білім беру бағдарламаларын үйлестіру және интернацияландыру;
  2. Медициналық білім беруді зерттеу: стратегиялар, үндеулер және тәуекел;
  3. Білім беру үрдісінде жаңа әдістерді жоспарлау және бақылау;
  4. Үздіксіз кәсіби даму және кәсіп аралық білім беру;
  5. Білім алушылардың жетістіктерін бағалауда ғаламдық беталыс;
  6. Медициналық білім берудегі ІТ.

Конференция жұмыстарында  мынадай өзекті мәселелер талқыланады: медициналық жоғары оқу орындарының даму үрдісі мен қазіргі ахуалы; медициналық білім берудің менеджменті, академиялық мобилдікті дамыту, медициналық білім аясында зерттеулер жүргізу; түлектердің негізгі құзырлығына бағытталған  соңғы нәтижелер жетістіктерінің бағалануындағы және оқытудағы жаңа жолдар; білім беруді ұйымдастыруға арналған жаңа ақпараттық – коммуникативті технологиялардың мүмкіндіктері және т.б.

Конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  өкілдері, халықаралық медициналық  білім беру ұйымдарының өкілдері, медициналық білім саласындағы бастаушы сарапшылары, білім ұйымдарының жетекшілері, құрылымдық бөлімшелер және Орталық Азия  және ТМД елдерінің профессор-оқытушылар құрамының өкілдері қатысады.

1стр  2стр

3 стр

4стр

5стр

6стр

7стр