Құрметті ҚазҰМУ студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және қонақтары!




10.04.2013

Құрметті ҚазҰМУ студенттері, оқытушылары, қызметкерлері және қонақтары! Фармация факультетінің студенттері №6 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мектеп-интернатына 9-шы сәуір күні барып қайтқан болатын. Студенттер жүздесу барысында мектеп-интернатта кей балалардың денсаулық жағдайы ғана емес, материалдық жағдайының да мүшкіл екендігіне куә болып қайтты. Әрине, бұл өмір болған соң көнбеске амал бар ма?! Алайда, қолдан келгенше көмек көрсетудің өзі адамгершілік қасиет емес пе?

Материалдық тұрғыда (киім-кешек, ойыншықтар) және күнасыз балаларды өнерімен қуантқысы келетін жандар болса, төмендегі нөмірлер бойынша хабарласуға болады:

8-701-703-0660 Арайлым

8-707-187-5846 Балнұр

8-778-954-3484 Назерке