Хабарландыру




20.03.2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы шеңберінде Аға ғылыми қызметкерлер тобы (АҒҚТ) және кіші ғылыми қызметкерлер тобы (КҒҚТ) үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеулердің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған конкурсты жариялайды.

Конкурсқа ғылыми-зерттеу саласында тәжірибесі мен жетістіктері бар ғалымдар, инженерлер тобы, сондай-ақ заңды тұлғалар қатыса алады. АҒҚТ мен КҒҚТ арналған бағдарлама жөніндегі толық ақпараттарды www.kaztcp.kz веб-сайтынан біле аласыздар.

Ғылыми жобаларды іріктеу әдісі: Дүниежүзілік банктің ғылыми жобаларды іріктеудегі ережесі бойынша – үш сатылы үдеріс.

Аталған конкурсқа құжаттарды қабылдау мерзімі 2012 жылғы 2 наурыздан басталады. Конкурсқа қатысуға ниет білдіргендер [email protected] электронды поштасына 2012 жылғы 31 наурыздың Астана уақытымен 23.00-ге дейін ғылыми жобалар мен әзірлемелердің электронды нұсқадағы ағылшын және орыс тілдерінде өтінімдерін жіберуі қажет.

Бұдан басқа, ғылыми жобалар мен әзірлемелердің қағаз және электрондық тасығыштағы нұсқалары мына мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор к. 8, Министрліктер үйі, 11 кіре беріс, 801 бөлме, тел: +7 (7172) 742360.

Тапсырысты ресімдеу бойынша талаптар

Тапсырысты беру үшін «Конкурс бойынша нұсқаулық» бөліміндегі Алдын ала Ұсыныстарды толтыру бойынша нұсқаулықты және «Тапсырыстарды беру» бөлімінде орыс және ағылшын тілдерінде Алдын ала Ұсыныстар үлгісін көшіру қажет. Алдын ала Ұсынысты үлгі бойынша орыс және ағылшын тілдерінде, MS word 2003 (.doc) форматында, 12 шрифт, файлдың жалпы көлемі 6 Мб көп болмауын міндетті түрде толтыру керек. Хат тақырыбын келесі үлгіде көрсетіңіздер: PrelimiraryProposal_жоба жетекшісінің Аты-жөні (латын жазуымен).

Үлгі: PrelimiraryProposal_Ivanov_Petr_Sergeevich

Файлдардың аты: Pproposal_IvanovPS_rus.doc

Pproposal_IvanovPS_eng.doc

Толтырылған тапсырысты 2012  жылдың 28 наурызына дейін [email protected]  электронды поштасына  жіберіңіздер.

Тапсырыстарды қабылдау және жіберуді ҒЗЖ менеджменті бөлімі іске асырады. Барлық сұрақтар бойынша +7 727 292 37 06 телефонына хабарласыңыздар.