Хабарландыру




31.01.2012

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы №575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру қағидасына сәйкес С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті 2013-2015 жылдарына арналған бюджеттік өтінімді  гранттық қаржыландыру қағидасы бойынша қаржыландыруға келесі ғылыми-техникалық бағдарламаларды  қарастыру үшін жолдады:

  1. «Студент жастардың денсаулық жағдайын жақсартуға ғылыми-негізделген тәсілдер». Жетекшісі: м.ғ.д., профессор Ақанов А.А. – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры.
  2. «Амбулаторлық-емханалық мекемелердегі медицина қызметкерлерінің еңбек гигиенасы». Жетекшісі: м.ғ.д. Тоғызбаева Қ.Қ. – еңбек гигиенасы кафедрасының меңгерушісі.
  3. «Жүкті әйелдердегі минералдық алмасуды түзету,  ерте жастағы балалардағы стоматтологиялық ауруларды антенатальді және постнатальді алдын алу шаралары». Жетекшісі: профессор Ермұханова Г.Т.- балалар жасындағы стоматология модулінің жетекшісі.
  4. «Жаңа туған баланың асфиксиясы және ұрық гипоксиясының диагностикасы, емдеу және профилактикасы». Жетекшісі: м.ғ.д., профессор Тастанбеков Б.Д. – неонатология кафедрасының меңгерушісі, профессор Қалиева Л.Г. – №1 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі.
  5. «Инфекциялық жаратылысымен дамудың туа біткен ақауларын төмендету бойынша инновациялық диагностикалық және емдеу профилактикалық шараларды әзірлеу және енгізу». Жетекшісі: м.ғ.д., профессор Тастанбеков Б.Д. – неонатология кафедрасының меңгерушісі, профессор Қалиева Л.Г. – №1 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі.