Хабарландыру




21.10.2011

Визитинг-профессор бағдарламасы шеңберінде 2011 жылдың 15-25 қазаны аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде Доктор Зоар Авив, Доктор Рима Левенфелд, Доктор Ави Котляр (Израиль) қатысуымен «Геронтология», «Медициналық мекемелерде клиникалық зерттеулер жүргізудің негіздері», «Мейірбике ісінің негізгі этикалары» тақырыптарында оқыту семинары өтуде.

Семинар аясында Даңқ залында төмендегідей ашық дәрістер өтеді:

Сенбі 22 қазан сағ. 9.30-11.30 аралығында доктор Зоар Авив «Денсаулық сақтау: Кеше, бүгін, ертең»;

Дүйсенбі 24 қазан сағ. 9.30-11.30 аралығында доктор Рима Левенфелд «Науқастың емдік инструктажы»;

Сейсенбі 25 қазан сағ. 9.30-11.30 аралығында доктор Ави Котляр «Клиникалық тәжирбенің негізгі аспектілеріне шолу».

Ұйымдастырушы: Х. Досмұхамедов атындағы ҚДСМ