Хабарлама




30.09.2013

Қазақ ұлттық медицина университетінің Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінде 2013 жылдың 30 қыркүйектен  4 қарашаға аралығында мұғалімдер, магистранттар және докторанттар үшін  «Креативтілік және көшбасшылық» атты  семинар-тренинг өткізеді.

Семинардың мақсаты: көшбасшылық  дағдыларға оқыту және креативті ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

Тренер ретінде сертификацияланған кәсіпті коуч Kingston University Бектас Жолумбетов шақырылады.

Өткізілетін жері. С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қаласы, Толе би көш, 94),  Х.Досмухамедов атындағы Қоғамдық денсаулық сақтау мектебі (ректорат ғимараты, 1- этаж, сол жақ қанаты, №118 аудитория).

Семинарға қатысуға ҚазҰМУ мұғалімдері, магистранттары және докторанттары шақырылады. Берілген семинарға қатысушыларды келешекте каскадты оқыту және оқыту үрдісіндегі креативті технологияларды дамыту бойынша дағдыландыру жоспарланады.