«Фармацевт-токсиколог» модулінде элективті пәндер презентациясын ұйымдастыру мақсатымен «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді




29.10.2012

2012 жылдың қазан айының 23 жұлдызында аптаның сейсенбі күні сағат 10.00-12.00 аралығында, 2012-2013 оқу жылына арналып «Фармацевт-токсиколог» модулінде элективті пәндер презентациясын ұйымдастыру мақсатымен «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара,оқу-әдістемелік департаментімен және деканатпен бірлесе отырып, кестеге сәйкес ұйымдастыру жұмыстары:алдын ала 2012-2013 оқу жылына арналып құрастырылған Элективті пәндердің каталогы бойынша жүргізілді.

5В110300 «Фармация» мамандығы бойынша дайындалған элективті пәндерің тізімі

2 курсқа арналған 2 кредиттік, 90 сағаттан тұратын «Токсикологиялық химия және сот-медициналық сараптамаға кіріспе»элективті пәні.

3 курсқа арналған 2 кредиттік, 90 сағаттан тұратын «Химико-токсикологиялық талдаудың негіздері», «Қоршаған ортадағы экотоксиканттар»элективті пәндері.

4 курсқа арналған 2 кредиттік, 90 сағаттан тұратын «Токсикологиялық химияның биохимиялық және  аналитикалық негіздері», «Прекурсорлар және допингтік заттар» және «Биологиялық объекттерді химико-токсикологиялық талдау»элективті пәндері.

5 курсқа арналған 2 кредиттік, 90 сағаттан тұратын «Биологиялық қауіптілік және биологиялық қырып-жою құралдары», «Фармакологиялық белсенді қосылыстардың улылығын анықтаудың әдістері»элективті пәндері. 

5В074800 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша дайындалған элективті пәндердің тізімі

2 курсқа арналған 2 кредиттік, 90 сағаттан тұратын «Уытты агенттердің жіктелуі және  уытты әсерлердің түрлері» және «Қоршаған ортаның негізгі экотоксиканттары»атты элективті пәндерге арнайы презентациялар жасалып, ұсынылды.

Элективті пәндерді ұсыну барысында презентациялар, қалыптастырылатын негізгі құзіреттіліктер, пәннің негізгі пре- және постреквизиттерімен, сондай-ақпәннің мазмұнын ашатын арнайы видео фильмдер көрсетілді.

«Ашық есік күні» іс-шарасының ашылу салтанатын модуль жетекшісі Т.Б.Байзолданов  бастап, соңында модулдің профессор оқытушы құрамдары аяқтады. Студенттер аталмыш шараға белсене қатысып, түрлі сұрақтар қойылумен және қойылған сұрақтарға толық жауап алынумен аяқталды. 

Студенттер және оқытушылар элективті пәндердің презентацияларымен ҚазҰМУ-нің АЖС Каталогінен танысуларыңызға болады.