Университет кітапханасы




22.05.2010

С.Ж.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің кітапханасы осы аталмыш университетпен қатар ашылды. 1931 жылы Ленинград қаласындағы әскери-медициналық академия ҚазМи кітапханасына 3000 дана медицина саласы бойынша оқулықтар сыйлады. Осы жылдарда Астрахань медициналық институтынан да мыңдаған дана медициналық кітаптар келсе, 2000-нан аса кітап Алматы мен Мәскеу қалаларынан сатылып алынды. Сөйтіп, 1931 жылы кітап қоры – 6000 дананы құрады.

Қазіргі таңда қазақ, орыс, және шет тіліндегі кітап қоры – 1011021 дана / 11725 атаудан тұрады .

Қор құрамы алуан түрлі: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары және электронды оқулықтар, монография, диссертация, энциклопедия, авторефераттар, анықтамалар, мерзімді басылымдардан (газет – журналдар) тұрады.

Қазіргі кезде оқырман саны – 9612 адамға өсті.

Кітапхана университетінің профессор-мұғалімдер құрамының педагогикалық шеберліктерін көтеруде, жоғары білімді, жан-жақты дамыған мамандар даярлауда маңызды роль атқаратын негізгі буыны болып табылады.

ҚазҰМУ-нің ғылыми кітапханасы жалпы көлемі 2000 шаршы метр жерге орналасқан бірнеше бөлімнен тұрады. Олар:

  • Кітап қорын сақтау бөлімі;
  • Кітап қорын жинақтап, толықтыру бөлімі;
  • Кітап қорын ғылыми өндеу және каталогтандыру бөлімі;
  • Анаықтама-библигорафиялық бөлімі;
  • Автоматтандырылған электронды ресурстар бөлімі:
    • электронды оқу залы 4-қабатта орналасқан.
  • Қызмет көрсету бөлімдері:
    • Төменгі курс абонементі (1,2,3) 2-ші қабатта;                                          
    • Жоғарғы курс абонементі  (4,5,6) 3-ші қабатта;
    • Ғылыми әдебиеттер абонементі 3-ші қабатта;                         
    • Көркем әдебиеттер абонементі 4-ші қабатта;  
    • Оқу және қоғамдық-саяси әдебиеттер оқу залы, 2-ші қабатта;
    • Ғылыми әдебиеттер оқу залы 3-ші қабатта орналасқан.

Оқу залдары мен абонемент бөлімдерінде 1000-нан аса оқырманға қызмет көрсетіледі. Кітапхананың кілті әрі жол сілтегіш ретінде: алфавиттік, жүйелі, пәндік, электрондық,  диссертация және авторефераттар каталогы,   медицина және саясаттану саласындағы тақырыптар бойынша 15 картотека жұмыс істейді. Олар:

  • «Қазақстан Республикасы»;
  • «ТМД экономикасы»;
  • «Медицина саласындағы атақты тұлғалар»;
  • «Медицина жаңалықтары»;
  • «ҚазҰМУ қызметкерлерінің ғылыми еңбектері»;
  • «ТМД жоғары мектебі»;
  • «Медициналық деонтология және дәрігер этикасы»;
  • «Халық медицинасы»;
  • «Туберкулез және т.б. жұқпалы аурулар»;
  • «Мәдениет, адамгершілік – адамзаттың рухани құндылықтары».

Каталогтар мен картотекаларда кеңес беруші библиографтар күнделікті кезекшіліктерін атқарады. Ақпараттық – библиографиялық жұмыстың негізгі мақсаты оқырмандарға кітапхана қорын толық жіне жан-жақты насихаттау арқылы көмек көрсету. Бұл жұмыс сан-салалы:

«Ақпараттар күндері», «Кафедра күні», ашық және тақыраптық көрмелер, күрделі, ғылыми-көмекші, ұсынылатын әдебиеттер тізімдерін жасау, жазбаша және ауызша кеңес беру, «Ақпаратты іріктеп тарату», «Басшыларға дербес қызмет көрсету». Ай сайын жаңа түскен кітаптарға бюллетень жасап, университет баспасынан шығатын «Шипагер» газетіне ақпараттар беріліп тұрады.

Студенттердің білім, адамгершілік, саяси, эстетикалық дәрежелерін көтеріп, ойлау қабіліттерін дамытып, отан және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жолында тақырыптық кітап көрмелері мен библиографиялық шолулар, кафедралармен бірлесе отырып оқырман конференциялары, диспуттар, поэзия кештері, көрнекті ғылым, қоғам және өнер мен мәдениет саласының көрнекті өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылады.

Барлық ақпараттық-библиографиялық, көпшілік жұмыстар қазақ тілінде және орыс тілінде жүргізіледі. Кітапханада компьютер, ксерокс, «РАБИС» кітапханалық бағдарламасымен, кітапхана ішілік желімен жарақтандырылған. Бұл оқырмандардың талап, сұраныстарын толық және тез қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

4-ші қабатта орналасқан электронды оқу залынан оқырмандар электронды оқлықтарды (электронды кітап қоры – 6000 CD-ROM-нан тұрады) және интернет жүйесін тегін пайдалана алады.

Жыл сайын кітапхана медициналық және ғылыми-танымдық сала бойынша 175 атаумен мерзімді басылымдарға (газет-журналдарға) жазылып тұрады.

Кітапхананы пайдалану ережесі:

  • ҚазҰМУ-нің кітапханасында  университеттің  профессор- оқытушыларына,  қызметкерлері және  аспиранттары мен ординаторларына, студенттеріне  қызмет көрсетіледі.
  • Кітапханаға жазылу үшін : қызметкерлер жеке куәлігі  мен  кадр бөлімінен анықтама, студенттер  деканаттан анықтама және 2 құжаттық суретін әкелуі  қажет.
  • 1 курс студенттерін тіркеу  оқуға қабылданғаны жөніндегі бұйрық негізінде жүзеге асырылып оқырман билеті беріледі.
  • Ғылыми әдебиет  университет қызметкерлеріне- бір ай мерзімге, студенттерге 10 күнге  беріледі.
  • Оқулықтар: төменгі курс студенттеріне  (1,2,3) бір семестрге, жоғары курс студенттеріне (4,5,6) циклды сабақ кестесі бойынша 1 немесе 2 циклға  беріліп тұрады.
  • Оқу залдарынан және кітап қорын сақтау бөлімінен оқулықтар тапсырыс парақтары  арқылы беріледі. Оқу залдарынан рұқсатсыз оқулықтарды алып шығуға болмайды.
  • Көркем әдебиеттер 1 ай мерзіміне  3 данадан артық берілмейді.
  • Кітапханадан үйге: энциклопедиялар, анықтамалар, сирек кездесетін құнды кітаптар, диссертациялар, авторефераттар, мерзімді басылымдар (газет-журналдар) берілмейді.
  • Кітапхананы  пайдалану ережесін бұзған оқырмандар, кітапханалық барлық құқықтарынан айрылады.

Кітапхана басшысы – Батырбекова Гүлбахрам Ануарбекқызы.

Басшының орынбасары – Утебалиева Алия Хакимжанқызы.

Кітап қорын жинақтау бөлімі меңгерушісі – Столярова Вера Николайқызы.

Әдебиеттерді ғылыми өңдеу және каталогтандыру

бөлімі меңгерушісі – Боровикова Татьяна Митрофанқызы.

Анықтама – библиография

бөлім меңгерушісі – Төкешова Клавдия Ескіркепқызы.

Қызмет көрсету бөлімі меңгерушісі –Ушанова Гүлнара Бахапқызы.

Автоматтандыру және электронды ресурстар

бөлімі меңгерушісі – Сәбенова Лариса Тынышқалиқызы.

Кітапхананың мекен-жайы:

Алматы қаласы

Бөгенбай батыр №153

Сейфуллин көшесінің қиылысы

Тел.: 292- 19- 37

292- 09-11

E- mail.: [email protected]

Жұмыс уақыты:

Абонемент бөлімдері- сағ.: 9-00-ден 18-00-ге дейін

Оқу залдары- сағ.: 9-00-ден 19-00-ге дейін

Сенбі күндері- сағ.: 9-00-ден 17-00-ге дейін.

Әр айдың соңғы жұмыс күні – «Тазалық күні»

ҚазҰМУ кітапханасына 2009 жылдың қазан – желтоқсан айлары аралығында түскен жаңа әдебиеттер

  1. 35300   Белогурова В.А. Научная организация учебного процесса.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2006.-448с.
  2. 35368   Сергеев Ю.Д. Медицинское право. В 3т.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-784с.
  3. 35389  Клиническая биохимия. /Под ред. В.А. Ткачука.-3-е изд.,испр. и доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-264с.
  4. 35430 Нолтинг Б. Новейшие методы исследования биосистем.-М.:Техносфера,2005.-256с.
  5. 35346  Анализ данных лучевых методов исследования на основе принципов доказательной медицины.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-32с.
  6. 35405  Булл Т.Р. Атлас ЛОР-заболеваний.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2005.-272с.
  7. 35347  Егоров Е.А., Басинский С.Н. Клинические лекции по офтальмологии.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-288с.
  8. 35399  Касенова С.Л. Внутренние болезни.-Алматы:изд. 2-е,2009.-184с.
  9. 35382  Кацнельсон Л.А. и др. Клинический атлас патологии глазного дна.-4-е изд.,стер.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-120с.
  10. 35317  Краткий атлас по цифровой рентгенографии./Под ред. А.Ю. Васильева.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-88с.
  11. 35357  Кэмпбелл А. и др. Медицинская этика.-2-е изд.,испр.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-400с.
  12. 35381  Люсов В.А. и др. ЭКГ при инфаркте миокарда. Атлас.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-76с.
  13. 35299  Никифоров А.С., Гусев Е.И. Общая неврология.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-720с.
  14. 35403  Пашинян Г.А., Ромодановский П.О. Судебная медицина в схемах и рисунках.-М.:ГЭОТАР,2006.-336с.
  15. 35393  Романцов М.Г., Сологуб Т.В. Педагогические технологии в медицине.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-112с.
  16. 35339  Сычев Д.А. и др. Клиническая фармакогенетика.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-248с.
  17. 35383  Урология иллюстрированный практикум. /Под ред. Ю.Г. Аляева, Н.А. Григорьева Н.А.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-96с.
  18. 35401  Экология человека. /Под ред. А.И. Григорьева.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-240с.
  19. 35299  Васильев А.Ю., Ольхова Е.Б. Лучевая диагностика.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-688с.
  20. 35344   Клиническая радиология. /Под ред. А.Е. Сосюкина.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-224с.
  21. 35359 Психопатология познавательной деятельности (нарушения ощущений, восприятия, памяти, мышления, внимания). /Л.М. Барденштейн и др.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2009.-64с.
  22. 35385   Майкл Дж.Нил. Наглядная фармакология.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2008.-104с.
  23. 35303   Фармацевтическая технология: руководство к лабораторным занятиям.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2009.-304с.
  1. 35427    Күлімбетов А. Балалардағы құлақ аурулары.-Алматы,2007.-160с.
  1. 34300 Гусев Е.И. и др. Неврология и нейрохирургия. в 2-х томах, том 1, с приложением на компакт-диске, 2-е изд.,испр. и доп.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-608с.
  2. 35421   Тимербулатов В.М. и др. Хирургия абдоминальных повреждений.-М.,МЕДпрессинформ.-2005.-256с.
  3. 35352   Норвитц Эррол Р. и др. Наглядные акушерство и гинекология.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2006.-144с.
  4. 35302  Савельева Г.М. и др. Акушерство.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2009.-656с.
  5. 35318   Инфекционные и паразитарные болезни развивающихся стран.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-496с.
  6. 35334  Сбойчаков В.Б. Санитарная микробиология.-М.:ГЭОТАР-Медиа,2007.-192с.
  7. 35443 Биохимияны  студенттердің өздігінен оқып-білуіне  арналған  оқу құралы: С.Ж.Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ; Каф.биохимия.-Алматы,2009.-1 бөлім –Белоктар, ферменттер, энергия алмасуы, витаминдер.-2009. 212 бет; 2 бөлім – Заттар алмасуы және реттелуі. 2009. 280 бет; 3 бөлім – Биологиялық сұйықтармен адам тәндерінің биохимиясы. 2009. 212 бет.
  8. 35425 Гистология-І пәні бойынша тестер жинағы. Тестовые  задания по гистологии.-І: С.Ж. Асфендияров ат-ғы ҚазҰМУ./ Ред. Р.И. Юй, Л.И.Наумова.-Алматы,2009.-378 бет.