Құрметті әріптестер!




10.04.2013

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті халықаралық деңгейдегі өкілдердің қатысуымен өткізілетін республикалық «Қазақстанның  медициналық  білімінің Болон үдерісіне кірігуі» атты ғылыми-практикалық конференцияға шақырады. Өткізілетін орны: 2013 жыл, 25 мамыр Алматы қаласы, С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, «Concordia» театры (Бөгенбай батыр көшесі 149, Масаншы көшесінің қиылысы).

Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2013 жылы өткізілуі тиіс ғылыми-практикалық конференциялар тізіміне енгізілген.

Конференция аясында ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, Қазақ білім академиясының корреспондент-мүшесі, м.ғ.д., профессор М.И.Дәулетбақованың педагогикалық қызметіне 60 жыл толуына арналған «Клиникалық медицинаның өзекті мәселелері» конференциясы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ғылым және адам ресурстары департаментінің қатысуымен «Медициналық білім берудегі кредиттік оқыту жүйесі: тәжірибесі, мәселелері, болашағы» семинары өткізіледі.

Конференция жұмысына қатысуға ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, ҚР жоғары оқу орындарының ректорлары, ҚазҰМУ-дың серіктес ұйымдары мен жоғары оқу орындарының өкілдері, практикалық денсаулық сақтау өкілдері: қалалық және облыстық денсаулық сақтау департаменттерінің директорлары, бас дәрігерлер; ҚазҰМУ қызметкерлері, ҚР жоғары оқу орындарының оқытушылары және ұсынылған тақырып бойынша қызығушылық танытқан барлық тұлғалар шақырылады.

Конференция жұмысының қорытындысы бойынша ҚазҰМУ Хабаршысы журналында мақалаларды жариялау жоспарланып отыр.

Конференцияға қатысу туралы өтінім және жариялауға арналған мақалалар 2013 жылдың 10 мамырына дейін  [email protected] электрондық мекен-жайына жіберілуі тиіс.

Конференцияға қатысу туралы сұрақтар бойынша хабаласуға болады:

Славко Елена Алексеевна – Оқу-әдістемелік жұмыс бөлімінің бастығы

Байланыс тел.: 8 (727) 292-69-69  (146)

8 (727) 338-70-37

e-mail: [email protected]

Информационное письмо

Требования к размещению статей в Вестник КазНМУ

Требования к стендовым докладам