«Театр маусымы»




05.02.2014

«Театр маусымы»

«Театр маусымы»  2014 жылғы 30 қаңтарда университетіміздің «Concordia»театрында өткен Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театрының «Қош махаббат» қойылымымен бастау алған болатын. «Театр маусымы» университетіміздің тәрбие жұмысы бойынша басты жобалардың бірі болып келеді. Үш ай бойы университетіміздің 1-курс студенттері қаланың театрларында тегін қойылым көруге мүмкіндік алады. Бұл жоба студенттің өнерге деген қызығушылығын оятып, мәдениетке деген қарым-қатынасын, танымын кеңейтуге ерекше ықпал береді.

Қазіргі уақытта ақпан айына арнайы күндер бөлінді:

1) Қоғамдық денсаулық сақтау  факультетінің 1-курс студенттерін 11.02.2014 ж. М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының «Шырақ жанған түн» қойылымына;

2) Стоматология факультетінің 1-курс студенттерін12.02.2014ж. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Күшік күйеу» қойылымына;

3) Фармацевтика және Жалпы медицинафакультетінің 1-курс студенттерін 26.02.2014 ж. М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының «Ромео и Джульетта» қойылымына;

4)Жалпы медицина факультетінің 1-курс студенттерін27.02.2014 ж.  Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымына апару жоспарлануда.

Студенттермен бірге жетекшілік ету мақсатында факультеттің деканы, декан орынбасары, тьюторлар және университет әкімшілігі қатысады.Толық бақылау жұмыстарын Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаменті атқарады.