Тарих конференция




02.03.2012

2012 жылдың 1 наурыз күні Қазақстан  тарихы ,  философия, саясаттану, әлеуметтану  кафедрасының ұйымдастыруымен және стоматология факультетінің 1 курс қазақ тобы, фармация факультетінің 1 курс 3 топ студенттерінің қатысуымен «ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҢҒЫРТУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ» тақырыбында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылаған студенттердің ғылыми-теориялық конференциясы өткізілді.

Бұл конференцияға Қазақстан тарихы,  философия, саясаттану  кафедрасының  меңгерушісі, доцент З.Ү.Бисембаева, кафедраның аға оқытушылары: Ғ.Т.Рсалдина, С.А. Жолдыбаева, К.А. Төлентаева, С.М.Илгидаева, М.У. Исаева және стоматология факультетінің декан орынбасары Ж.Н. Құсмолдаевалар қатысты.

Конференцияның кіріспе сөзін декан орынбасары Ж.Н. Құсмолдаева және кафедра меңгерушісі, доцент З.У.Бисембаева ашты.Келесі кезекте стоматология факультетінің 1 курс студенттері: Текемурад Құралай, Зейілбек Мақсат, Еділ Айдана, Халикова Айдана және жалпы медицина факультетінің 35-1 топ студенті Пирманов Азат Елбасы жолдауындағы білім, денсаулық сақтау, халықтың әл-аухатын жақсартуға арналған әрбір бөлімдерін жеке талқылай келе, оның мән-мағынасын тыңдаушы қауымға слайдтар арқылы көрсетіп, түсіндіріп отырды.

Конференция соңында сөз алған Қазақстан  тарихы ,  философия, саясаттану  кафедрасының оқытушылары: Ғ.Т.Рсалдина және С.А. Жолдыбаева:  жақсы білім алу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланатындығын жеткізген және Елбасы жолдауы – жастардың жарқын болашағына кепіл болатын бағдарлама екендігін түсіне білген студенттер қауымына ризашылығын білдірді.