Студенттерді іріктеу




15.04.2014

Әскери дайындыққа студенттер алынады – 27 жасқа дейінгі Қазақстан Республикасының азаматтары, денсаулығы бойынша әскери дайындыққа жарамды, ал кейбір әскери-оқу мамандықтары бойынша, Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігімен анықталатын  студент-қыздар да алынады.

Әскери дайындықты өту үшін студенттерді іріктеп алу ЖОО-ның  Ректорының атына берілетін, олардың жеке басты өтініштері бойыннша іріктеу комиссиясымен жүргізіледі.

Студенттерді іріктеу кезінде ескерілетіні:

1)    Әскери басқармалардың жергілікті орындарындағы шақыру комиссиясының медициналық сараптамасының қорытындысы;

2)    Әскери оқу орындарына түсетін абитуриенттер үшін бекітілген дене тәрбиесі дайындығы көрсеткіштерін орындау қорытындысы;

3)    Психологиялық іріктеу қорытындысы;

4)    Емтихандарды тапсыру қорытындысы бойынша анықталатын оқу орнындағы студенттің үлгерімінің орта балы.

Бұл көрсеткіштер іріктеу комиссиясының отырысында қарастырылады, оның құрамына енетіндер:

1)    Комиссия төрағасы – Қорғаныс Министрлігінің өкілі;

2)    Комиссия төрағасының орынбасары – жоғары оқу орны енетін, министрліктің өкілі;

3)    Комиссия мүшелері – институттардың директорларының қатарынан, факультеттердің декандарының және әскери кафедрасының оқытушылар құрамынан.

Іріктеу комиссиясының меншікті құрамы білім беру саласындағы өкілетті орнының бұйрығымен анықталады.

Әскери дайындықты өту үшін студенттерді тіркеу әскери кафедрасының бастығы беретін іріктеу комиссиясының хаттамасының негізінде ЖОО-ның басшысы жасайды.