Сенбілік.




18.03.2013

Наурыздың 16-сы күні Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің студенттері сенбілікке шықты. Студенттер университетке қарасты оқу корпусының  бойында орналасқан көшелеріне тазалау жұмыстарын жүргізді. Ауа-райының қолайсыздығына қарамай студенттер барынша ат салысты. Сенбіліктің ауқымды өтуі,  әр факультеттің декан орынбасарларының жеткешілігімен жүргізілді.Сенбілікке 140-қа жуық студенттер қатысты. Университетіміздің студенттері «Тазалық-денсаулық кепілі» деген ұранмен өздерінің таза, саламатты , жинақы қоғамды сүйетіндерін көрсете білді.