Сенбілік




21.10.2013

2013 жылғы қазанның 19 күні Алматыда жалпы қалалық сенбілік өткен болатын. Осыған орай  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің студенттері сенбілікке шықты. Тьюторлар мен декан орынбасарларының жетекшілігімен   сутденттер университет аумағында орналасқан көшелерге тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбіліктің  тиянақты өтуін ӘТЖЖБ (Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі басқарма) қызметкерлері қадағалады. Сенбілікке 1200-ге жуық студенттер қатысты. Сенбілік ауқымды  әрі жоғары деңгейде өтті.

Сенбіліктің қорытындысы бойынша, Алматы қ. Жастар саясаты жөніндегі басқарманың басшысы С. Боқаев арнайы  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетіне «Ең таза ЖОО – 2013» сыйлығын табыстады.