Сенбілік жайлы




01.04.2013

Наурыздың 30-ы күні Алматыда жалпықалалық сенбілік өткізілген болатын. Осыған орай  Студенттердің әлеуметтік-мәдени құзыретін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің студенттері сенбілікке шықты. Студенттер университетке қарасты оқу корпусының  бойында орналасқан көшелеріне тазалау жұмыстарын жүргізді. Сенбіліктің  тиянақты өтуіне студенттер барынша ат салысты. Сенбіліктің ауқымды өтуі,  әр факультеттің декан орынбасарларының және тәрбие жұмысы басқармасының қызметкерлерінің жеткешілігімен жүргізілді. Сенбілікке 600-ге жуық студенттер қатысты.