«Дипломнан кейінгі медициналық білім беру бойынша ұлттық сарапшыларды даярлау» атты білім беру семинары өткізілді




09.02.2016

2016 жылғы 28-29 қаңтар аралығында Х.С.Насыбуллина атындағы педагогикалық шеберлік мектебімен «АРТА» Коммерциялық емес мекемесімен бірлесе отырып МББӘФ-ның (Медициналық білім берудің әлемдік федерациясы) Бас Кеңесшісі Samuel John Leinster (Ұлыбритания) қатысуымен «Дипломнан кейінгі медициналық білім беру бойынша ұлттық сарапшыларды даярлау» атты білім беру семинары өткізілді.

Семинар бағдарламасында келесі сұрақтар қарастырылды:

  • МББӘФ: Жаһандық стандарттар, халықаралық тәжірибе;
  • Резидентура бағдарламасы бойынша өзін-өзі бағалауды жүргізу процедурасы;
  • Дипломнан кейінгі білім беру бойынша білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредиттеуі жөнінде МББӘФ стандарттарының құрылымы; (жаңа редакция):

– «Миссия және соңғы нәтиже» стандарты;

– «Білім беру бағдарламасы» стандарты;

– «Резиденттерді бағалау» стандарты. Клиникалық құзіреттілікті бағалау;

– «Резиденттер» стандарты;

– «Оқытушылар» стандарты;

– «Білім беру қоры» стандарты. Клиниалық базаларға қойылатын талаптар.

– «Білім беру бағдарламасын бағалау» стандарты;

– «Басқару және басқарамалық» стандарты;

– «Үздіксіз жақсарту» стандарты;

  • Медициналық білім беру сапасын жақсартудағы МББӘФ стратегиясы;
  • Шешім қабылдау процедурасы. Ұсыныстарды жасау;
  • ORPHEUS стандарты (құрылым, мамандандыру). Еуропадағы денсаулық сақтау және Биомедицинадағы PhD бағдарламаларының сапасын бағалау индикаторлары;
  • PhD-докторантттарды дайындаудағы сапа көрсеткіштері.

Жалпы оқығандар саны 126 адам, оның ішінде:

Медициналық ЖОО:

– КазҰМУ – 35 адам.;

ҚазМҮББУ – 12 адам;

– Семей қаласының Мемлекеттік медициналық университеті – 6 адам;

– МКТУ – 5 адам;

– Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – 5 адам;

– Қарағанды мемлекеттік медицина университеті– 4 адам;

– Қазақстандық-Ресейлік медицина университеті – 3 адам;

– Астана медиицналық университеті – 2 адам.,

– Батыс Қазақстан медициналық университеті – 1 адам.

Медициналық колледждер– 11 адам;

Басқалары:

– Ұлттық медициналық ассоциация – 4 адам.,

– «Рада» Медициналық Орталығы – 2 адам.;

– «АРТА» – 1 человек,

білім алу нәтижесінде барлық қатысушылар «АРТА» ұлттық сарапшылар базасына енгізілді және МББӘФ- АРТА сертификаттары тапсырылды.