Рахмет Сіздерге!




11.05.2012

Қазіргі уақыттың басты талаптары – сапалы білім алу және үнемі адамның өзін-өзі дамыту. Осы үрдістер мемлекетімізді міндетті түрде биік шыңдарға алып келетіні барлығына аян.

Мемлекетіміздің саясаты жастар және студенттер арасындағы білім мен ғылымның сапасын жоғарылатуға бағытталған. Елбасымыздың осы стратегиясы арқасында біз өзіміздің біліктілігімізді күшейтеміз. Өткен ғасырдағы байдың балаларына бұйырылып тұратын дүниелер қазіргі заманда барлығына қолжетімді (тек қаласаң болды).

Бұл С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің студенттеріне қатысты. Біз – ақ халатты абзал жандармыз, және біз ең алдымен сегіз қырлы, бір сырлы болуымыз тиіс. Оқу біз үшін күнделікті әдет болып, мәдени және ғылыми өмір біздің тіршілігіміздің бір бөлшегі болуы керек. Қазіргі уақытта Қазақстанда да, бүкіл әлемде де көптеген конференциялар, байқаулар, форумдар, семинарлар және т.б. ғылыми додалар өтуде. Оның үстіне біздің университет осындай республикалық және халықаралық ареналарда өз оқу орнының намысын қорғайтын студенттерді іздейді. Осыны мен өз тәжірибемнен білемін, өйткені қайда болмасам да, қандай іс-шараларға қатыспасам да, университетіміздің, ректорымыздың көмегін әрқашан сезініп отырамын. Жапония, Ресей, Украинамен өзге де мемлекеттердің және Қазақстанның басқа қалаларының студенттері ҚазҰМУ-дың бізге жасаған мүмкіншіліктерін көріп таңдануда.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің ректоры Ақанов А.А. ғылымның дамуна көп көмегін тигізгені үшін барлық студенттер атынан шексіз алғысымызды білдіреміз!

 

Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті,

президенттік шәкіртақы иегері

Құлмағанбетов Мұхит