Психодрама




23.11.2012


Коммуникативтік дағдылар орталы
ғы.

Психодрама

Тұлғалық өсу клубы «Радуга» және оның белсенді қатысушылары 8 кездесу өткізіп (25.10.2012-20.11.2012), «Психодрама» деген психотерапиялық әдісті зерттеді. Жетекші-кеңесші:проф. Асимов М.А.. Жауапты жүргізуші: Галимова Сарра, Байрамов Бинали. Сонымен қатар жүргізуші рөлінде белсенді қатысқан Қасымжанова Мадина.

«Психодрама» – Якоб Морено шығарған психотерапия және психологиялық кеңес беру әдісі. Классикалық психодрама – бұл адамның ішкі дүниесін зерттеу үшін драматикалық импровизация құралы қолданылатын терапевтік әсері бар топтық процесс. Бұл адамның шығармашылық әлеуетін дамытуға, адамдармен өзара әректтестігін және адекватты мінез-құдқының мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолданылады.

Қазіргі таңдағы психодрама-ол тек қана топтық психотерапияның әдісі емес, ол сонымен қатар клиентпен (монодрама) индивидуалды жұмыс барысында да қолданылады, ал психодраманың элементтері басқа салаларда да адамдармен индивидуалды және топтық жұмыс жасауда кең қолданылады