Профессор визитингі




18.10.2011

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Болондық үрдіс принциптерін жүзеге асыруда, бұл басқа ЖООдарымен білім бағдарламаларымен бірге жұмыс істеу болып табылады.

Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлық кафедрасында 10 – 15 қазан аралығында «Балалар кардиологиясының сұрақтары. Интерндер мен резиденттерді оқытудың заманауи аспектілері» тақырыбында оқу семинары өткізілді. Визитинг-профессор ретінде дәрістер оқу, клиникалық талдаулар жүргізу үшін медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мәскеу қ. РМҒА балалар денсаулығы Ғылыми орталығының жетекшісі Басаргина Е.Н. шақырылды.

Оқыту семинары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша тұрғызылған 2 ҚКБА жаңа ғимаратында өтті. Қаскелен ОАА туа біткен жүрек ақаулары бар балаларға кеңес беріліп, тәжрибелік семинарлар жүргізілді, сонымен қатар ҚазҰМУ оқу-клиникалық орталығында  консультативті қабылдау жүргізілді.

Семинардың ғылыми бағдарламасы балалар кардиологиясы бойынша өзекті мәселелерді қамтыды. Тәжрибелік бөлімі тақырыпқа сәйкес ауыр жүрек-қантамыр жүйесінің патологиясы бар балаларды клиникалық талдау, сонымен қатар науқастарға консультация жүргізуден тұрды.

Аталған семинар біздің университет оқытушыларына отандық педиатриялық білім беруді евроинтеграциялау үшін және халықаралық талаптарға сәйкес білікті балалар дәрігерлерін үздіксіз дайындауда өте маңызды.

Профессор Е.Н.Басаргина жүргізген оқу семинарына доценттер, ассистенттер, дәрігер-интерндер, жоғарғы курс студенттері, дәрігер-педиатрлар, емдеу-профилактикалық мекемелердің балалар кардиологтары қатысты.

Профессор Е.Н.Басаргина жүргізген оқу семинары өзінің жылы, ұжымдық атмосферасымен ерекшеленді және көпжылдық тәжрибесі бар дәрігерлер үшін де, интерн-дәрігерлер үшін де өте қызықты болды.

Қазіргі медицинаның жылдам дамуы жағдайында осындай жоғары кәсіби семинарларды өткізу маңызды, себебі келісімді ақпарат алмасуға және дәрігер педиатрлардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Семинардың барлық қатысушылары іс-шараның ұйымдастырылу деңгейінің жоғарылығын, ғылыми атмосфераны және білім мен тәжрибе алмасу мүмкіндігінің болғандығын атап өтті.