Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлау кафедрасының клиникалық жұмысы




06.02.2012

Қазақстан Республикасының 2011 – 2012 жылдарға арналған «Саламатты – Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы әр адам баласының денсаулығы барлық халықтың денсаулығын құрайтынын анықтап, тек оның қалыптасқан бағалылығын ғана емес, сонымен қатар, оның мүмкіндіктерінің потенциалы. Бағдарламаның басты стратегиялық бағыты мен іске асыру тетігі дұрыс тамақтану туралы халықты хабардар ету болып табылады.

«Саламатты – Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлау кафедрасының ұжымымен Қазақстан Республикасы және Алматы қаласының халқымен емдік – алдын алу жұмыстары бойынша келесідегідей іс – шаралар жоспарланған:

  • дәрігерлермен Дөңгелек стөлдер;
  • Алматы қ. тұрғындары үшін білім беру дәрістері;
  • Алматы қ. емханалары мен негізгі клиникаларда Ашық есік күндері;
  • ҚР аймақтарында шығатын семинарлар;
  • дәрігер – педиатрлар үшін вебинарлар;
  • БАҚ – қа сөз сөйлеулер (теледидар, газеттер және т.б.);
  • мектеп, мектепке дейінгі бала мекемелері мен сәбиханаларда акциялар;
  • Алматы қ. ЖОО студенттері үшін дәрістер және т.б.

2011 жылдың қыркүйек – қараша айлары аралығында кафедра оқытушылары Республика халқының дұрыс тамақтануы аясында көкейтесті сұрақтар көтерілген, «Хабар Мемлекеттік телеарнасының «Ақшаға сатып ала алмайсын!» атты жобасына қатысты. Медицина ғылымдарының докторы С.С. Сарсенбаева гастроэнтеролог кеңесші – дәрігері ретiнде шақырылып, берілулердің 8-не қатысты.

2011 ж. 30 қаңтарында сағат 7.30 – дан 8.00 дейін Ересектер, жасөспірімдер мен балалардың тиімді тамақтану сұрақтары бойынша «Хабар» телеарнасының «ІСКЕ СӘТ!» таңғы бағдарламасында  Педиатрия бойынша дипломнан кейінгі даярлау кафедрасының оқытушысы, медицина ғылымдарының докторы С.С. Сарсенбаеваның сөз сөйлеуі өтті.