Отчет 30.05.2012




05.06.2012

Биыл елімізде орыналған саяси қуғын-сүргін шарықтау шегіне 75 жыл толды.Осыған орай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып,жастарға халқымыздың өркендеп,ілгерілеуіне зор үлес қосқан заңғар азаматтарды дәріптеу мақсатында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігі а.ж. 30 мамырда сағат 10.00-де Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Үлкен концерт залында «Асыл арыстардың есімі мәңгі ел есінде» атты кездесу өткізді.

Кездесуде Алмалы ауданы әкімі Пірінбеков Марат Үсенұлы. ҚР жазушылар одағының торағасы,жазушы Оразалин Нұрлан.Шоқан Уалиханов атындағы Тарих және Этнология Институты оқытушысы,тарих ғылымдары докторы Құдайбергенова А.И. «Мемекеттік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы,Қазақ халықтар ассамблеясы мүшесі Асылы Османқызы. Қоғам қайраткері,қуғын сүргін құрбаны болған Кемеңгеров Қошмухамбеттың немересі Қошмұхамбетова К. және Қазақстан патриоттар партиясы Алматы филиалының төрайымы Нұрпеисова Г. сөз сөйледі.

Бұл кештің негізгі мақсаты тек ол күндердің құрбандарын айтып кету ғана емес,оған қоса сол кезеңдегі тоталитарлық жүйенің қатыгездігін көрсету,болашақ ұрпақ санасында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту болды. Кездесу барысында Қуғын сүргін құрбандары туралы қысқаметражды фильм көрсетілді.

Кен соңы консерватория оқушыларының орындауында «Сәлем саған туған ел», «Қазақстан», «Атамекен» әндері шырқалып,кішігірім концертпен аяқталды.

 

Университеттің Студенттік Үкіметі

Ешниязов О., Касенова Г.,