ОСО «СПУТНИК» АКЦИЯ!




01.10.2013

5.10.2013 ж   сағат 12.00-16.00.

 ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР МЕН СТУДЕНТТЕР!!!

 Қазақ тағамтану академиясы және Ұлттық салауатты тағамтану орталығы:«Дұрыс тамақтанып, жеңіл өмір сүр!» және «Салауатты тамақтану- заманауи өмір салты»акцияларынашақырамыз!!!

 Дұрыс тамақтануды насихаттауда ойындар, сұрақ-жауаптар, сайыстар.

  • «Денсаулық алаңы» – қан қысымын, жиілігін, бой ұзындығын, дене салмағының индексін анықтайды және ақысыз түрде дәрігерлерден кеңес аласыз.
  • Экспресс-талдау: қандағы қант және гемоглобин деңгейін анықтайды.
  • Сүйек тінінің тығыздығын анықтайтын жаңа заман аппараты остеоденситометрия болады
  • Салауатты тамақтану орталығының мамандары дұрыс тамақтану мен азық-түліктердің қауіпсіздігі жөнінде дәрістер оқып, әңгіме жүргізеді
  • Салауатты және пайдалы тағам өнімдерінің жәрмеңкесі.
  • Балалар және басқа да шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

«Дұрыс тамақтанып, жеңіл өмір сүр!» және  «Салауатты тамақтану- заманауи өмір салты» бұл уақытыңызды достарыңызбен, жанұяңызбен өткізуге жақсы мүмкіндік, сонымен қатар денсаулығыңызды сақтау, нығайтужөнінде көптеген пайдалы мәліметтер аласыз.

Акция 2013 жылдың 5 қазанында Алматы қаласы, Мамыр-1 ықшам ауданы, 8А үйде, ОСО «Спутник» өтеді. Басталуы сағат 12:00.

Ұйымдастырушылар:

 

Қазақ тағамтану академиясы,

Ұлттық салауатты тағамтану орталығы