Нутрициология кафедрасы




19.08.2011

ДИЕТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

«Диетология және тағам қауіпсіздігі» кафедрасы 31.03.2015 ж. ҚазҰМУ –нің ғылыми кеңесінің №8 шешімі негізінде құрылды.

Кафедрасының ұжымы кең таралған тағами заттектердің жеткіліксіздігін алдын алу және нутрициология обласында жүргізіліп жатқан фундаменталды және қолданбалы медикалық-биологиялық зерттеулерге; тағам өнімдерінің қауіпсіздігін және сапасын қамтамасыз етуге арналған санитарлық нормаларды және стандарттарды өндеуге; салауатты нутрициология насихаттауды жетілдіруге; тағам гигиенасы дәне емдәммен емдеу мәселелері бойынша мамандармен дәрігерлерді дайындауға; халықтың әр-түрлі топтарының нутрициологияын тиімділеуге әдістемелік және кеңестік көмек көрсету.

Миссиясы

Барлық тыңдаушыларға емдәммен емдеудің негіздерін және салауатты тағамтану принциптерін үйрету. Денсаулық сақтаудың ең түйінді мәселелерін анықтауға қатысу, олардың оңтайлы шешімін белгілі әкімшілік құрылымдарға ұсыну, Қазақстанда ауқатқа тәуелді ауруларды алдын алуға және халықтың тамақтануын тиімділеуге іс-әрекеттің жоспарын өнедеп шығаруға қатысу.

Болашақты болжауы

Диетология және тағам қауіпсіздігі кафедрасының жұмысы болашаққа бағытталған, онда С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ әр түлегі рационалды (тиімді) нутрициологияды қолдану арқылы, адамдардың денсаулығы қолайлы болуға жағдай жасайды.

 Диетология және тағам қауіпсіздігі кафедрасы өзінің болжауына жету үшін келесі принциптермен бағыттарды ұстанады:

  • Әртүрлі ауруларда емдәммен емдеудің әдістемелік негіздері бойынша тыңдаушылардың білімдерін нығайту.
  • Нутрициологияның жалпы ұлттық проблемаларын өңдеу және жарыққа шығару, сонымен қатар, халықтың сезімтал топтарына фокусты бағыттау.
  • Барлық діндерге, ұлттарға, нәсілдерге жататын адамдарымен жұмыс істеу.
  • Нутрициология сұрақтарына және тағам өнімдеріне қатысты адам құқықтарын мойындауға және орындауға өзінің іс- әрекеттін негіздеу.

 Кафедраның тарихы

Әлемдегі жұқпалы емес аурулар саласындағы жағдай туралы ДДҰ баяндамасының деректері бойынша (2010 ж.) 2008 жылы бүкіл әлемде орын алған 57 миллион өлім оқиғасының 36 миллионы –  үштен екісі– ЖЕА (жұқпалы емес аурулар) туындаған болатын, оның есебіне негізінен жүрек-қан тамыр және онкологиялық аурулар, қант диабетті және өкпенің созылмалы аурулары кіреді. Көптеген ЖЕА нашар тамақтанумен күшті себепті байланысы бар. Дүниежүзілік обырды зерттеу қорының бағасына сәйкес, рактың  негізгі түрілерінің 27%–39% тамақтануды өзгерту, физикалық белсенділікті арттыру және организмнің композициялық құрамын жақсарту арқылы алдын алуға болады. Осыған байланысты, 2015-2020 жж. арналған азық-түлік өнімдері және тамақтану саласында Еуропа аймақтық комитетінің әрекеттер Жоспарының мақсаты: 1) пайдалы азық-түлікті және сусындарды тұтынуға қолайлы ортаны құру; 2) өмірдің барлық кезеңінде үйлестірілген тамақтану рационына, әсіресе халықтың аса сезімтал топтарына көмектесу; 3) пайдалы тамақтану рационын құруға ықпал ету үшін, денсаулық сақтау жүйесін нығайту;  5) эпид.қадағалауды, мониторингті және бағалауды, сондай-ақ ғылыми зерттеулерді күшейту болып табылады.

Сол баяндамада жұқпалы емес ауруларды алдын алу және ол мәселені кешенді шешу үшін, оқу бағдарламаларын және үздіксіз білім беруді, барлық оқу бағдарламаларын қайта қарауды талап мәлімделінді.

Жоғарыдағыны ескере отырып, болашақ мамандарда тағамтану саласындағы сауаттықты  қалыптастыру үшін, 31.03.2015 ж. ҚазҰМУ –нің ғылыми кеңесінің №8 шешімі негізінде диетология және тағам қауіпсіздігі кафедрасы құрылды.

Диетология және тағам қауіпсіздігі каферасының ұйымдастырушысы әлемге белгілі ғалым – Қазақ тағамтану  академиясының президенті академик Т.Ш. Шарманов. 

Аакадемик Т.Ш. Шармановтың қысқаша өмірбаяны

1

Шарманов Төрегелді Шарманұлы медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей медициналық ғылымдар академиясының және ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақ тағамтану академиясының академигі, Профилактикалық медицина академиясының академигі, Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сараптаушылар комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ғылым» номинацисында «Платиналы Тарлан» тәуелсіз премияның лауреаты, Леон Бернард атындағы ДДҰ премиясының лауреаты. Нутрициология кафедрасының құрметті меңгерушісі.

Төрегелді Шарман ұлы Шарманов 1930 жылдың 19 қазанында Қарағанды облысының Ұлытау ауылында туылды. 1949 жылы орта мектепті бітіргенінен кейін Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне емдеу факультетіне оқуға түсіп оны үздік бітірді. 1955 ж. 1958 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде фармакология кафедрасында аспирантурада оқыты.

1958-1962 жылдары Қарағанды облысы Ұлытау ауданының орталық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.

1961 жылы Т.Ш. Шарманов «Қанға синтомицин мен лефомицетіннің әсерін эксперименталды зерттеу материалы» тақырыбына медицина ғылымы кандидаты атағына диссертацияны қорғады.

1962 жылдан 1968 жылдары Қаз ССО денсаулық сақтау министрлігінің Аймақтық патология ҒЗИ бөлімін басқарды. «Қазақстанда С гиповитаминозы және оның бруцеллезде иммундық биологиялық әсері» тақырыбына медицина ғылымының докторы дәрежесіне диссертацияны қорғағанан кейін 1968 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институттың ректоры болып, және фармакология кафедрасының меңгерушісі болып  тағайындалды. Осы қызметтерді ол 1971 жылға дейін атқарды.

1971-1982 жылдары  Қаз ССО денсаулық сақтау министірі болып жұмыс істеді.

1973 жылдан 1984 жылға дейін Медициналық ғылым академиясының тағамтану институтының жаңа дан ашылған Қазақстандағы филиалын басқарды.

1985-1988 жылдары ССОР денсаулық сақтау министрлігінің Орталық дәрігерлер тәжірибесін жетілдіру институтының нутрициология кафедрасын, Нутрициология институттың клиникалық витаминология зертханасын басқарды.

1988 жылдан бастап ССОР МҒА тағамтану институтының директоры (қазіргі кезе Қазақ нутрициология академиясының президентті).

Қазіргі кезде Қазақ нутрициология академиясы Орталық Азияда нутрициологиядың гигиенасы, биохимиясы, иммунологиясы айналысатын мәселелердің кешенді зерттеу орталығы.

Т. Шарманов алғашқы медициналық – санитариялық көмек көрсетуге арналған ДДҰ және ЮНИСЕФ-тің Алматы қаласында өткен Тарихи халықаралық  конференциясының ұйымдастырушысы. Сол конференцияны ұйымдастыру кезінде әлемнің денсаулық сақтау тағдырына әсер ететін форумын қамтамасыз етуде ол мол ұйымдастырушылық қабілетті көрсетті. Конференция кезінде Алматылық Декларация қабылданды, ол қазіргі күнге дейін әлемдік денсаулық сақтауды негіздеуші құжат болып таблады. 2005 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының арнайы сессиясында Т.Ш. Шармановқа халықаралық әлемдік денсаулық сақтау ісіне қосқан орасан зор үлесі үшін Л. Бернард атындағы премия тағайындалды, ол премиямен әлемде 41 адам ғана марапатталған.

Т.Ш. Шармановтың жетекшілігімен ТМД елдерінде аналогтары жоқ балалар тағамдарын өндіретін ««Қазақ тағамтану академиясының «Амиран»» заводы салынды, оның тәуліктік қуаттылығы 15 тонна дайын өнімін құрастырады. Сонымен қатар денсаулық сақтау тәжірибесіне балалар тамақтануына арналған жаңа өнімдер еңгізілді.

Қазақ тағамтану академиясы Т.Ш. Шармановтың іс әрекетті арқасында 1979 жылдан бастап нутрициологияға қатысты Халықаралық орталық ресми статусына және ДДҰ қызметтес статусына ие болды, 1996 жылдан — ООН университетімен  ынтымақтас орталық атын, 1998 ж.- ЮНИСЕФ-тің негізгі мекемесі атын алды, 1999 жылдан – нутрициология бойынша Дүние жүзілік ғылыми кеңестің қауымдастырылған мүшесі.

Оның басшылығымен 40 докторлық және 135 кандидаттық диссертациялар  қорғалды. Т. Ш. Шарманов 460 аса публикациялардың авторы, соның ішінде 38 монография және 40 тәжірибеге еңгізу.

2

 Кафедраның ғылыми зерттеу жумысы

Диетология және тағам қауіпсіздігі кафедрасының алғашқы ғылыми приоритеті ретінде халықтың әр түрлі топтарына арналған энергияға және негізгі тағами заттарға физиологиялық қажеттіліктерді дәлелдеу, зат алмасуда нутриенттердің арақатынасын зерттеу, эндогенді гипо және авитаминоздардың концепциялары, сыртқы ортаның қолайсыз факторларының теріс әсерлері, арнайы тағам өнімдерін құрастыру сияқты іргелі зерттеулер жүргізілді.

Диетология және тағам қауіпсіздігі кафедрасы ұжымының білімі ғылыми-тәжірибелік жұмыстар кезінде әсіресе, әртүрлі ірі халықаралық бағдарламалар өткізу кезінде іске асады. Диетология және тағам қауіпсіздігі кафедрасы жұмысшылары ЮНИСЕФ, ВОЗ, ПРООН, ЮСАИД, «Макро Интернешнл Инк» Уэллстарт ұйымдарының техникалық және қаржылық қолдауымен жүретін көптеген халықаралық ғылыми – зерттеу жобаларына қатысады. Сол жобалар экспресс-әдістер қолдану арқылы, мектеп оқушыларының нутрициология статусын бағалауға; емшекпен емізу тәжірибесін зерттеуге; медико-демографиялық жағдайды, темір тапшылық анемияның алдын алуына, ересек адамдардың нутрициология статусын жақсартуға және медициналық ғылымның, басқа да көкей кесті мәселелеріне қатысты.

2014 жылы келесі ҒЗЖ орындалды тақырыбының атауы: «Отандық және импорттық тағам өнімдерінің құрамындағы май қышқылдары трансизомерлерінің мөлшеріне кеңейтілген мониторинг жүргізу және олардың Қазақстандағы жұқпалы емес аурулардың таралуына әсерін бағалау». Өкінішке орай, ҚР бүгінгі таңда қолданылып жүрген тағамдар азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігіне сәйкес келе бермейді. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында отандық және импорттық азық-түліктер ассортиментінде фальсификат өнімдер – қымбат әрі құнды майларды денсаулыққа зиянды құнсыз майлармен алмастыратыны, сонымен қатар, сапалы фальсификатталған майлы тағамдарды, сүт өнімдері мен кондитерлік бұйымдарды өндіруде дұрыс тазартылмаған майларды қолданумен, сүт майын өсімдік майымен алмастырып және май қышқылдары трансизомерлерінің жоғары мөлшері кездесіп отыр.

Алынған мәліметтер «Қазақстан Республикасында семіздікті бақылау және кешенді алдын алу ұсыныстары» проектін өндеп шығаруға мүмкіндік берді.

Осының барлығы, біздің азаматтардың денсаулығын және тіршілік сапасы деңгейін арттыру, энергияны, қаныққан майларды және транс-майларды, қант және тұзды артық тұтынуға және көкөністер, жемістерді жеткіліксіз тұтынуға қарсы әрекет ету үшін зор маңызы бар болады.


Кафедра меңгерушісінің өмірбаяны3

 Бердыгалиев Айдар Болатұлы – 1999 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң педиатрия факультетін тәмамдады, 01.09.1999 ж.– 01.07.2000 ж. – педиатр-дәрігер мамандығы бойынша интернатураны бітірді. Еңбек жолын  01. 10.2000 жылы  нутрициология кафедрасында аға лаборант болып бастап, 2003 жылы кафедра оқытушысына ауысып, үздіксіз осы уақытқа дейін сонда жұмыс істейді.  Жалпы жұмыс өтілі 14 жыл, оның– 11 жылы педагогикалық. Университетте жұмыс істеу кезінде аға лаборант, ассистент, доцент ғылыми педагогикалық дәрежелерінің барлығын өтті. 2006 жылдан бастап 2013 дейін ЖШС «Қазақ тағамтану академиясы» бас ғылыми хатшысы, патенттік -ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі қызметін қосымша атқарды.

Бердыгалиев А.Б. 2013 жылы Литвалық денсаулық ғылымы университетінде «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының: «Қоғамдық денсаулық және тағамтану» – 1 бөлім, «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі және сапасы» – 2 бөлім, «Диететикалық емдеу» 3 – бөлім, ғылыми -педагогикалық тағылымды өтті.

Көптеген жылдар бойы Қазақ тағамтану академиясының барлық ғылыми бағдарламаларын орындауға қатысты. Профилактикалық медицина, тағам өнімдері қауіпсіздігі және диетология салаларында өткізілген ғылыми бағдарламаларда оның қосқан үлесінің тиімділігі жоғары бағаланды. .Б. Бердыгалиевтін, ғылыми -педагогикалық және қоғамдық іс -әрекетін ескере отырып, «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағымен марапатталды.

Кафедра меңгерушісі,                                                                                А.Б. Бердыгалиев