Неврология кафедрасы




01.04.2012

1964 жылы неврология кафедрасы құрылып, Алматы мемлекеттік дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының құрамына кірді және ТМД елдерінде невролог кадрлар дайындау саласында негіз болды, өйткені институт ол кезде Совет Одағы бойынша зор мәні бар болатын.

Кафедраны құрылған мезгілден бастап, Қазақстанның неврология саласының қалыптасуына елеулі үлес қосқан жоғарғы білікті невролог, таланты оқытушы м.ғ.д., профессор Н.П.Касаткина басқарды.

1980 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін доцент З.М.  Брянцева атқарды.

Неврология кафедрасы 1966 жыл.

 

1981 жылдан 1999 жылға дейін кафедра меңгерушісі қызметін атқарған профессор Беляев Юрий Иннокентиевич.

 

Ю.И.Беляев невролог эпилептологтар дайындау мәселесіне көп көңіл аударған. Осы уақыттан бастап кафедрада эпилепсияны және клиникалық электроэнцефалографияны оқып үйрену кезеңі басталған.

Ю.И. Беляев күрделі ЭЭГ зерттеу үшән нейрофизиологиялық лаборатория ұйымдастырған. Қазіргі кезде нейрофизиологиялық лаборатория заманауи апараттар мен жүйелік қамсыдандыру құралдыры арқылы кеңейген.

Соңғы жылдары кафедра меңгерушісі қызметін профессор Алдунгарова Роза Капсидаровна атқарса, содан кейін профессор Нургужаев Еркин Смагул ұлы атқарды.

Әр жылдары кафедрада: доцент м.ғ.к. Е.З. Путинцева, Р.В.Смольский, доцент м.ғ.к. С.М.Карашонова, Л.М. Сорокоумова, А.С. Жусупова, Э.Х. Айбасов қызмет атқарған.

2005 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметін Москва неврология мектебінің түлегі-Москва қаласының неврологтар ғылыми орталығы,

-РМҒА, медицина ғылымының докторы  профессор Каменова Салтанат Уалихановна атқаруда.

С.У. Каменова Алматы қаласының денсаулық сақтау саласының  штаттан тыс бас неврологы, Қазақстанның мемлекеттік инсультпен күрес ассоциациясының президенті, дүние жүзілік World Stroke ұйымының мүшесі.

2010 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы медициналық дәрігерлердің білімін жетілдіру институтының профессордық-мұғалімдер құрамы.      С.Д .Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің дипломнан кейінгі білім беру институтда қызмет атқаруда. Кафедраның меңгерушісі медицина ғылымының докторы, профессор Каменова С. У.

 

Кафедра қызметкерлері:

Кафедра меңгерушісі: медицина ғылымының докторы профессор Каменова С. У .Оқу бөлімінің меңгерушісі медицина ғылымының кандидаты, доцент Кужыбаева К.К.

Кафедра профессоры: медицина ғылымыныың  докторы,      Красноярова Н. А.

Ассистенттер: Нурмухамбетова Б.Р., Жаныкулова А.Б.

Неврология кафедрасының меңгерушісі медицина ғылымының докторы профессор Каменова Салтанат Уалиханқызы.

Алматы қаласының денсаулық сактау басқармасының штаттан тыс бас неврологы;

Қазақстанның мемлекеттік инсультпен күрес ассоциациясының президенті;

Дүние жүзілік  World Stroke ұйымының мүшесі.

Кафедра ассистенті профессор - Красноярова Надежда Александровна

Медицина ғылымының докторы, профессор.

Академик  Американың Биографикалық институтының академигі;

Халықаралық бұлшық ет-сүйек медицина академиясының мүшесі;

Қазақстан мануальды терапевтер мен остеопаттар ассоциациясының мүшесі.

 

Кафедра доценті Кужыбаева Карлығаш Кенжеахметовна.
Кафедоаның кәсіптік жиналысы.
Ассистент медицина ғылымдарының кандидаты Нурмухамбетова Бахытгуль Рахимбековна
Лаборант Стурова Анастасия Георгиевна.

 

Кафедрада жүргізіліп жатқан ғылыми – зерттеу жұмыстары:

– Халықаралық, көпорталықты, болашағы бар байқаулы зерттеулер BEGIN/ Bayer Schering Pharmaкомпаниясымен бірге.

– «Эпилепсиялық ұстамалардың балалардың сөйлеу және жазу қабілеттеріне әсері және оны  дәрілермен коррекциялау»

– «Казахстанағы ми инсултінің эпидемиологиясы»

Соңғы 10жыл ішінде кафедрада 2 докторлық және 8 кандидаттық диссертациялар қорғалып, 20 дан астам клиникалық ординаторлар дайындалған, сонымен қатар дәрігер резиденттер дәріс алуда. 600 ден астам ғылыми жұмыстар құрамалар мен журналдарда, оның ішінде біразы шет елдерде жарық көрген.

 

Ғылыми және клиникалық зерттеулер кафедрада келесі  актуальды заманауи  неврология бөлімдері көлемінде өткізіледі:

  • Мидың қан –тамыр ауырулары.
  • Нерв жүйесінің демиелиндендіруші ауырулары, шашыранды склероз
  • эпилептология

 

Ойлап тапқан жаңалықтарға инновациялық патенттер алынды:

1.      Қазақ халқында инсульт қауіпін жобалау.

2.      Инсульт қауіпінің алдын алу тәсілі.

3.     Ишемиялық инсультпен ауыратын науқастардың реабилитация тәсілдері.

Алыс жақын елдерден мамандар шақыртып, неврологияның маңызды сұрақтары мен инсульт мәселесі жайында  ғылыми тәжірибелік конференциялар өткізу дәстүрге айналып отыр.

Кафедра қазіргі заманғы оқулықтармен, оқу құралдарымен, көру құралдарымен жабдықталған, нейрофизиологиялық  лаборатория бар.

Оқу жүйесін үнемі жетілдіріп отыру көзделген. Кафедраның ғылыми және клиникалық зерттеулері қазіргі кездегі неврологияның келесі маңызды бөлімдерінде өткізіледі:

  • Мидың қан тамыр ауырулары
  • Нерв хүйесінің демиелиндендіруші ауырулары,шашыранды склероз
  • эпилептология

Қазақстанда инсульттің клиника эпидемиологиялық жүйесін зерттейтін толық жүйелік бағдарлама аяқталды. Қазақстанның әр аймағында бірінші рет «инсультті тіркеу» іске асып, инсульт бойынша эпидемиологиялық ақпараттар берілген. Зерттеу нәтижелері газет беттерінде жарық көрді. Кафедрада білімін жетілдіру және қайта дайындау циклдерімен қатар резидентурада жоғары сапалы кадрлар дайындауға арналған бағдарламалық жұмыстар өткізіледі.

 

 

Клиникалық  база:

Қалалық орталық клиникалық аурухана (ҚОКА)

Юристік адрес: город Алматы,  Жандосова көшесі, 6.

Байланыс  телефоны 8 727 274 80 81