«МОНКАП VS. ИМПЕРАЛИСТ», «МОНКАП VS.ИМПЕРАЛИСТ 2.0» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНДАРЫ




17.02.2014

Ағымдағы жылдың 8 ақпанында университет декандары, оқу департаментінің директорлары, құрылымдық бөлімше басшыларының қатысуымен «ДАНА ЖОЛ» қолданбалы экономика орталығы «Қазақстанның экономикалық даму моделін» таныстыру мақсатында «Монкап VS. Импералист», «Монкап VS.Импералист 2.0» зияткерлік ойынын өткізді. Ойын барысында қатысушылар:

–      қай мемлекеттің қандай мүмкіндіктерге ие екенін және Қазақстанды дамыту үшін қандай шаралар жасауға болатынын;

–      келіссөздерді тиімді жүргізуді;

–      қарсыласының немесе серіктесінің сенімді екенін анықтауды;

–      белсенділікті;

–      дұрыс әрі нақты мақсат қоя білуді және т.б. дағдаларға машықтанды.

 

Сонымен қатар зияткерлік ойын барысында инфляция мен девальвация қалай болғанын, жалақының артуы тауар бағасына қалай әсер ететінін, мұнайдан түскен табыстың қанша екенін және оның бюджетімізде алатын орны, жалпы Қазақстан экономикасының тарихынан мол мәліметтер берілді.

 

 

Академиялық жұмыстар департаменті

IMG_0244

IMG_0221

IMG_0220