Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент факультеті




24.05.2011

«Денсаулық сақтау және фармациядағы менеджмент» факультеті 2007 жылы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің негізінде ашылды. Факультеттің қызметі Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес жоғары білікті менеджерлер дайындау саласындағы саясатын өңдеу мен енгізудің жүйелі әдісіне негізделеді.

Факультеттің міндеті денсаулық сақтау жүйесін талапты, бәсекеге қабілетті, үйлесімді дамушы мамандармен қамтамасыз ету, қоғам мен салалардың қажеттіліктеріне жауап беретін ұйым жұмысының тиімділігін арттырудағы басқару шешімдерін жасау мен енгізуді қамтамасыз етуге мамандармен қамту.

Факультет құрамы: Жалпы білім беру пәндері департаменті, «Мейірбике ісі» және «Менеджмент» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары комитеті, 9 кафедра: «Денсаулық сақтау және басқару саясаты» «Денсаулық сақтаудағы және фармациядағы менеджмент, маркетинг құқық негіздерімен», «Денсаулық сақтаудағы экономика», «Медициналық биофизика, информатика және математикалық статистика», «Қазақстан тарихы, мәдениеттану, философия, саясаттану, әлеуметтану», «Дене тәрбиесі және денсаулық», «Шет тілі», «Орыс тілі», «Қазақ тілі».

Оқыту төменде көрсетілген мамандықтар бойынша жүргізіледі: – 051101 «Мейірбике ісі» – бакалавриат, күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі 4 жыл; 050507 «Менеджмент» – бакалавриат, күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі 2 жыл;

050507- «Менеджмент»- бакалавриат, сырттай оқу бөлімі, жоғары білім деңгейінде (медициналық, экономикалық, заңды, педагогикалық және т.б.) оқу мерзімі 2 жыл.

050507- «Менеджмент»- бакалавриат, сырттай оқу бөлімі, орта білім деңгейінде (экономикалық) оқу мерзімі 3 жыл.

050507- «Менеджмент»- бакалавриат, сырттай оқу бөлімі, орта білім деңгейінде (медициналық), оқу мерзімі 5 жыл.

6N1101 «Медицина» (Магистратура) – жоғары білім деңгейінде, күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі 2 жыл.

6M110400 «Фармация» (Магистратура) – жоғары білім деңгейінде, күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі 2 жыл.

6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» (Магистратура) – жоғары білім деңгейінде, күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі 2 жыл.

6Д110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» (PhD-докторантура) – жоғары білім деңгейінде, күндізгі оқу бөлімі, оқу мерзімі 3 жыл.

«Мейірбике ісі» 051101 – мамандығы бойынша бітірушілерге – жоғары білім туралы «Мейірбике ісі бакалавры» дипломымен бірге – «менеджер – мейірбике» жоғары біліктілігі беріледі.

Мейірбике ісі бакалавры кәсіби іс әрекетін мейірбике ісі бойынша бас дәрігер орынбасары, бас мейірбике, мейірбикелік күтім жасау ауруханасының меңгерушісі, хоспис, АЕҰ бөлімінің аға мейірбикесі, мед. колледждерде мейірбике ісі мамандарын дайындайтын оқытушы ретінде атқара алады. Сонымен қатар білімін жетілдіру барысында магистратура оқу құқықтары бар.

«Менеджмент» 050507 – мамандығы бойынша бітірушілерге – жоғары білім туралы «Менеджмент бакалавры» дипломы беріледі. Менеджмент бакалаврының кәсіби іс-әрекетінің жұмысы нақты экономикалық сектор, қаржылық- банктық жүйе, бизнес және кәсіпкерлік болып табылады.

Менеджмент мамандары басқару, кәсіпкерлік, шаруашылық субъктінің қаржылық іс әрекеті бойынша көптеген қызметтерде жұмыс істей алады. Сонымен қатар менеджмент бакалавры әртүрлі экономикалық құрылымдарда: әлеуметтік қызметтерде, басқару жүйесін ұйымдастыру бөлімдерінде, салааралық кешендерде, басқару органдарында, акционерлік қоғамдарда, әртүрлі шаруашылық қожалықтарда және коммерциялық емес ұйымдарда жұмыс істейді және бизнеспен, кәсіпкерлікпен айналыса алады.

Менеджмент бакалаврлары барлық керекті біліммен және тәжірибелік дағдыларды игерген, орта басқару жүйесінде жетекшілік ете алады және әртүрлі жетекшілік қызметтерде жұмыс істей алады.

Магистранттарды дайындау ғылыми – педагогикалық бағытта жүргізіледі.

Бітіруші магистанттарға «медицина магистрі» академиялық дәрежесін беріледі.

Медицина магистранты ҚР денсаулық сақтау министрлігі саласында менеджер және жетекші болып, әлеуметтік қорғаныс қызметінде және халықтың, олардың құрылымдық бөлімшесінің жетекшісі, меициналық ұйымдарда және тұрғындардың белгілі тобына қолдау көрсету қорында, ғылыми – зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметкер, мамандығына сәйкес орта және жоғары оқу орындарында оқытушы болып жұмыс істей алады.

Магистратураны бітірушілердің докторантураны жалғастыру құқығы бар.

ҚР ЖОО арасындағы білім беру процесін жоғарылату, партнерлық қатынасты дамыту мақсатында, халықаралық стандарттарға жауапты және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау үшін жыл сайын студенттерге арналған халықаралық жаздық және қыстық мектептерде қоғамдық денсаулық сақтаудағы дамыту мәселелері бойынша дайындық жүргізіледі.

Докторантурада философия докторларын дайындау жүзеге асырылады (PhD).

Ғылыми және педагогикалық докторантураның білім беру бағдарламасын игерген тұлғаларға «философия докторы»академиялық дәрежесі беріледі (PhD).

Философия докторлары (PhD) кәсіптік қызметтің келесі түрлерін орындай алады:

– педагогикалық (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқытушылары);

– ғылыми-зерттеу (ғылыми ұйымдардың қызметкерлері);

– әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлері);

– талдау (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

– сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

Факультет деканы Иванченко Н.Н.