«МЕМЛЕКЕТТІК ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНАЛЫҚ ҚОР» – «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҰЛТТЫҚ ЭЛЕКТРОНДЫ КІТАПХАНА» (МЭКҚ – Қ азҰЭК) ЖОБАСЫНА ЫНТЫМАҚТАСУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ




08.11.2012

Астана қаласы                                                               «____» _______ 2012 жыл

ҚР Мәдениет министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» ММ-сі атынан Мемлекеттік Электронды кітапханалық қорды (МЭКҚ) құру жөніндегі үйлестіруші ұйым ретінде, Бас директор Ж. К. Шаймұханбетова, 19 наурыздағы № 50 Жарғы негізінде қызмет етуші, бұдан әрі ҚРҰАК бір жағынан, және ______________________________________, жоба серіктесі ретінде, директор атынан ___________________________________________________, Жарғы негізінде қызмет етуші, бұдан әрі «Серіктес» төмендегілер бойынша осы Келісімді бекітті.

 

  1. 1.      Келісімшарт нысаны. Жалпы мәселелер.

 

1.1. ҚР Электронды Үкіметінің бөлімі ретінде, ҚР электронды құжаттарының ұлттық кітапханалық қорын құруға қатысу. Негізі – «2007-2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы, 2008 жылғы 22 шілдедегі Байланыс және ақпарат агенттігінің №268 бұйрығы мен 2008 жылғы 24 шілдедегі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің №213 бұйрығы.

 

1.2. Мақсаттары:

–  негізгі деректерді цифрлы (сандық) форматқа ауыстыру арқылы әлемдік Интернет жүйесіне кезекті орналастыра отырып қазақ халқының тарихи және мәдени дәстүрлерін сақтау;

– Қазақстан кітапханаларының оқу, ғылыми, ғылыми-әдістемелік, өндірістік және мәдени-ағартушылық қызметтерінде МЭКҚ–Қазұэк-сын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру.

1.3. МЭКҚ–Қазұэк «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы» ММ-сі базасында құрылуда.

1.4. Келісім Қазақстандағы, шет елдердегі кез келген басқа да кітапханалармен, мекемелермен, кәсіпорындармен және ұйымдармен келісім-шарт жасасуға, өзара қызметтерін үйлестірулеріне кедергі бола алмайды.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері

 

ҚРҰАК мыналарға құқылы:

2.1 Жалпы жүйенің қызметін бақылауға алып, оның жұмысы мен дамуын қамтамасыз етуге;

2.2 «Қазақстан Кітапханалары – Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы http://www.kazneb.kz» вэб-порталына жариялауға және Мемлекеттік Электронды кітапханалық қорға сақтауға жататын материалдарды беру тәртібі» бойынша реттеуші құжатқа сәйкес, құжаттарды (кітаптарды) қабылдау мен іріктеуді жүргізуге;

2.3 Авторлық келісім-шартта көрсетілгендей, Қазұэк вэб-порталына құжаттарды (кітаптарды) жайғастыруға;

2.4 МЭКҚ-ды толықтыру жоспарларын үйлестіруге;

2.5 МЭКҚ-дың жиынтық каталогын құру әрі жүргізу жұмыстарын ұйымдастыруға.

 

ҚРҰАК міндеттемелері:

2.7 МЭКҚ қорына серіктес-кітапханалар берген құжаттардың электронды көшірмелерін жасау үшін құқық иеленушіден авторлық келісім-шарт арқылы құжаттарды (кітаптарды) қабылдау;

2.8 әзірленген электронды көшірмелерде мәтіннің өзгеріссіз сақталуымен қамту;

2.9 сканерден өткізу процесінде құжаттың (кітаптың) түпнұсқасына ешқандай зақым келмейтіндей етіп жағдай жасау;

2.10 МЭКҚ-на келіп түскен электронды құжаттарды (кітаптарды) депозитарлық сақтаумен қамтамасыз ету.

 

2.2.            Серіктес  мыналарға құқылы:

2.2.1.      МЭКҚ-ның жиынтық қорын оқырмандарға қызмет көрсетуде пайдалануға;

2.2.2.      электронды кітаптардың жоғалып қалған даналарын қалпына келтіру үшін МЭКҚ қорын пайдалануға; (ҚРҰАК-на берілген).

Серіктес міндеттері:

2.2.3.      құжаттарды (кітаптарды) беру тәртібін сақтау:

  • МЭКҚ-на арналған материалдарды жинақтау барысында серіктес-кітапхана мына мекен-жай бойынша http://www.kazneb.kz жинақ каталогындағы дублеттілікке құжаттардың (кітаптардың) сәйкестілігін салыстырады;
  • МЭКҚ қорына жіберілген құжаттардың (кітаптардың) электронды көшірмесіне автормен немесе оның құқығын иеленушімен жасалған авторлық келісім-шарт қоса ұсынылуы тиіс;

2.2.4.      пайдаланушыларға қызмет көрсету кезінде МЭКҚ-ын пайдалану ережесін сақтауға;

2.2.5.      Серіктес әзірлеген жоспарға сәйкес, МЭКҚ-ды құжаттармен (кітаптармен) жылдам әрі жүйелі түрде толтыруға;

2.2.6.      МЭКҚ қорына сыртқы жеткізгіштер арқылы дайын электронды көшірмелерін (CD, DVD дискілер мен flash жеткізгіштер) жіберуші Серіктес көшірмелердің жоғары сапалылығына және оның баспалық түпнұсқаларына сәйкестігіне жауап бере отырып, цифрлау форматын  (кітаптың әрбір беті tiff, pdf, jpeg бетіне сейкес келуі тиіс) сақтауға міндетті;

2.2.7.      Серіктес, автормен өздігінен авторлық келісім-шартты бекітеді және авторлық келісім-шарттың көшірмесін ҚРҰАК-на ұсынады.

3. Басқа шарттар

3.1. Үйлестіруші ұйым ретінде ҚРҰАК мен Серіктес өздерінің қарым-қатынасы барысында МЭКҚ-ҚазҰЭК туралы Ережені негіз етіп қабылдайды;

3.2. ҚРҰАК мен Серіктес мыналарға бар күш-жігерін салады:

  • пайдаланушыларға тиімді әрі сапалы ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету;
  • электронды кітапхананы құрудағы өзекті мәселелер бойынша тренингтер, семинарлар, конференциялар өткізу;

3.3.  Бұл келісім ҚРҰАК-на және Серіктес ешқандай қаржылық міндеттеме жүктемейді.

 

4. Келісімнің мерзімі 

4.1. Осы Келісім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді;

4.2. Келісімнің қолданыс мерзімі бес жылға жарамды;

4.3. Келісім тараптардың өзара шарттары немесе тараптардың бірінің жазбаша хаты бойынша Келісім күші аяқталғанға дейінгі 3 (үш) ай мерзімінде тоқтылуы мүмкін;

4.4. Келісім екі данамен жасалды. Оның екеуі де бірдей заңды күшке ие болады.

 

5. Тараптардың заңды мекен-жайлары:

 

РММ: «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы»

 

                Серіктес
Мекен-жайы: 010000, Астана қаласы,  Достық көшесі,11                 Мекен-жайы:
РНН:  620200239588                 РНН:
ИИК: KZ92070101KSN0000000                 ИИК:
Астана қаласындағы ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Мемлекеттік мекемесі  
БИК: KKMFKZ2A Кбе  11                 БИК:
Телефон: 8(7172) 446180                 Телефон:
Электронды пошта: [email protected]                 Электронды пошта:
Бас директор

 

 

_________________ Ж. Шаймұханбетова

                Директор

 

 

__________________